Қазақтың айтыс өнерінің бүгіні туралы сөз қозғағанда, әңгіме ауанын айтыскер қауымға бұрмасақ болмайды. Қарсыласын ә дегеннен-ақ қаймықтырып, сөзбен төпелеп, жеңіске жетуді бүгінгі ақын да мақсат етеді. Кешелі-бүгінгі айтыстағы ақынның мақсаты бірдей болғанмен айтысудың жолдары өзгерді. Кешегідей бәдіктен тартып, жұмбақтап сөз соқпаса да түрелеп, сүрелеп, қайымдасып, ара-арасында қыз-жігіттің әзіл мен қалжыңға толы өлең сайысы айтыстың табиғатынан әлі ажырамаған. Үлкен мен кішінің арасындағы сыпайы сыйластық та бүгінгі айтыстың өн бойында жетіп артылады. Атап айтар болсақ, сахнадан түсе қоймаған айтыстың ардагері Айтақын Бұлғақов әртістік қабілетін көрсетіп, сөз бен әуен нақышын ойнату арқылы ерекшеленсе, Бекарыс Шойбековтің суырып салмалылығы, ондағы шымшыма шыншылдығы, табан асты тауып айтар ептілігін көре білген жөн. «Миллиардер» ақын Балғынбек Имашевтың әр сөзінің өтімді дарыта білуін, әзіл мен салиқалы пайымдарды орнымен қолдана білуін, айтыстың еркесі атанған нәзік жандылардың туын бір еліге түсірмей келе жатқан Айнұр Тұрсынбаеваның намысты жыр мен нанымды өлең өріп, артық ауыз сөзге жоламайтынын тілге тиек етуіміз дұрыс болар. Сонымен қатар классикалық айтыстың қыры мен сырына қанығып, тәжірибесі жоғары деңгейде тұрған С.Дүйсенғазин, А. Леубаева, Б. Халиолла, Р. Зайытов, Р. Қайыртайұлы, С.Тоқтамысова, Ж.Бұлғақов, М.Ниязов, Н.Мансұров, Д.Қамиев сынды бірқатар айтыскерлер бар. Осынау сүлейлер мен дүлейлердің аламанына түсіп, ауыздығымен шайнасқан арынды жүйріктермен бірге айтыс сахнасына жаңа көтеріліп келе жатқан М.Сұлтанхан, С. Әуезхан, Қ. Мырзахан, Ж.Бейбітов, Қ.Абзалов, Р.Қайдаров, Т.Мықи, Ж.Орынбасар және т.б. жас буын өкілдерін болашақ ақтангерлер дей аламыз. Оғлан туып, о дүниеге ерте кеткен О.Досбосынов, Е.Асқаров, А.Ишанов сынды дарабоздардың да есімі ұмыт қалмайды. Айтыс аламанда да ұрпақ жалғастығы, буын алмасуының болып тұратынының айқын дәлелі бұл. Жаратқан жұртымыздың жалауы болған айтысымызға жар болсын!
Қазақтың айтыс өнерінің бүгіні туралы сөз қозғағанда, әңгіме ауанын айтыскер қауымға бұрмасақ болмайды. Қарсыласын ә дегеннен-ақ қаймықтырып, сөзбен төпелеп, жеңіске жетуді бүгінгі ақын да мақсат етеді. Кешелі-бүгінгі айтыстағы ақынның мақсаты бірдей болғанмен айтысудың жолдары өзгерді. Кешегідей бәдіктен тартып, жұмбақтап сөз соқпаса да түрелеп, сүрелеп, қайымдасып, ара-арасында қыз-жігіттің әзіл мен қалжыңға толы өлең сайысы айтыстың табиғатынан әлі ажырамаған. Үлкен мен кішінің арасындағы сыпайы сыйластық та бүгінгі айтыстың өн бойында жетіп артылады. Атап айтар болсақ, сахнадан түсе қоймаған айтыстың ардагері Айтақын Бұлғақов әртістік қабілетін көрсетіп, сөз бен әуен нақышын ойнату арқылы ерекшеленсе, Бекарыс Шойбековтің суырып салмалылығы, ондағы шымшыма шыншылдығы, табан асты тауып айтар ептілігін көре білген жөн. «Миллиардер» ақын Балғынбек Имашевтың әр сөзінің өтімді дарыта білуін, әзіл мен салиқалы пайымдарды орнымен қолдана білуін, айтыстың еркесі атанған нәзік жандылардың туын бір еліге түсірмей келе жатқан Айнұр Тұрсынбаеваның намысты жыр мен нанымды өлең өріп, артық ауыз сөзге жоламайтынын тілге тиек етуіміз дұрыс болар. Сонымен қатар классикалық айтыстың қыры мен сырына қанығып, тәжірибесі жоғары деңгейде тұрған С.Дүйсенғазин, А. Леубаева, Б. Халиолла, Р. Зайытов, Р. Қайыртайұлы, С.Тоқтамысова, Ж.Бұлғақов, М.Ниязов, Н.Мансұров, Д.Қамиев сынды бірқатар айтыскерлер бар. Осынау сүлейлер мен дүлейлердің аламанына түсіп, ауыздығымен шайнасқан арынды жүйріктермен бірге айтыс сахнасына жаңа көтеріліп келе жатқан М.Сұлтанхан, С. Әуезхан, Қ. Мырзахан, Ж.Бейбітов, Қ.Абзалов, Р.Қайдаров, Т.Мықи, Ж.Орынбасар және т.б. жас буын өкілдерін болашақ ақтангерлер дей аламыз. Оғлан туып, о дүниеге ерте кеткен О.Досбосынов, Е.Асқаров, А.Ишанов сынды дарабоздардың да есімі ұмыт қалмайды. Айтыс аламанда да ұрпақ жалғастығы, буын алмасуының болып тұратынының айқын дәлелі бұл. Жаратқан жұртымыздың жалауы болған айтысымызға жар болсын

Объяснение:болама