АЙТЫЛЫМ
тапсырма. Мәтінге сүйеніп, сұхбатты толықтырыңдар.
— Сен Алакөлге бардың ба?
— Иә, бардым.
— Ол қайда орналасқан?
— Оның суының көлемі қандай?
— Алакөлге неше өзен Құяды?
— Көл қандай тауларға ұласады?
— Көлдің маңынан қандай құстарды кездестіруге болады?
—
— Көлдің құпиясы неде?
4
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
- Сен ол інді тастап, өзге ін қазып ал. Жылан сенің ініңді тартып алғаны әділдік емес, бірақ оған қылар еш айла жоқ. Оған тиіп не қыласың? Мазасын ала берсең, өзіңді жеп қояды, оған ештеңе қыла алмайсың.
Тышқан бейшара қайғырса да, үндемей қойыпты. Бірақ қалай кегін алуды ойлайды.
Бір күні сейілдеп келе жатса, інінің аузында жыланның күн шуақта жылынып жатқанын көріпті. Жанында бір кісі ұйықтап жатыр екен. Тышқан барып оның мұрнын тістеп алып, жыланға қарай тұра қашыпты. Кісі оянып, тұра қуады. Қараса, алдында жатқан жыланды көреді. Тышқаннан мұның зияны көбірек болған соң, кісі жыланды өлтіруге алданып қалыпты да, тышқанды қоя беріпті.
Сөйтіп, кегі қайтқан тышқан өз ініне келіп тұрыпты.