АЙТЫЛЫМ ЖАЗЫЛЫМ 3-
-тапсырма. Суретке қара. Сұрақтарға
жауап бер.
1. Суретте кім бейнеленген?
2. «Мұзафар Әлімбаев» деген есім таныс
па?
3. Ол кісінің балалар ақыны екенін
білесің бе?
4. Ақпарат көздерінен Мұзафар Әлімбаев
туралы дерек тауып, мәтін құрап жаз.
Секіріп еденде
Біресе жоғары,
Біресе төменге
Секіріп сондай
Жаттығу оңай
Қарлығашқа
Қане, қанат -
Қарлығаш бо
Ұшып-ұшып
Бұрын, көптеген суретшілер болды, бірақ тек бірнеше адам атақты болуы мүмкін.
Әрбір танымал суретшінің танылуына және даңққа деген өз жолы бар еді.
Қастеевтің жолдары сурет салу, табандылық және Отанға деген сүйіспеншіліктің ерекше стилінде болды. Қастеев «Абайдың портреті», «Қалыңдық сатып алды», «Түрксіб», «Талас аймағы» сияқты суреттерді жазған. Суреттерінде ол өз отанын сөзсіз даңқтайды.
Ол өз халқы үшін маңызды адам болған. Оның құрметіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер мұражайы аталды. Онда 23 мыңнан астам экспонат сақталған. Оның жүз жылдықта ЮНЕСКО штаб-пәтерінде оның картиналары көрмесі өтті. Бұл оның ұмытып кетпейтінін және оның даңқ жолының аяқталмағанын дәлелдейді.
Ерте, ерте, ертеде Түлкі, Тасбақа, Кене үшеуі дос болыпты. Үшеуі келе жатса тышқан інінің аузынан бір қалта тауып алады.
Қалтаны Түлкі көре сала:
— Мұны мен таптым! Бұл менікі, — деп қалтаны өзі алып ашады. Қалтаның ішіндегі бір уыстай шикі тары екен. Қамбадан ұрлап алып шыққан тышқан қалтаны ініне кіргізе алмаса керек. Аузын тісімен шешсе, тарыны біртіндеп баяғыда тасып алады ғой. Бірақ тышқанда ондай ақыл қайдан болсын?
Тарының жеуге келмейтінін көрген соң Түлкі:
— Тасбақа! Бәрімізден жасы үлкен сенсің! Акылың да көп. Мынаны не істейміз?—дейді.
Тасбақа басын сауытына тығып алып, ұзак ойланады. Ештеме ойлап таба алмайды.
— Мен таптым! — дейді Тасбақаның сауытына шығып алған Кене. — Тарыны жерге егіп, күзде орамыз. Астықты базарға сатып, ақшасын теңдей бөліп аламыз.
Табылған ақыл!—дейді Түлкі қуанып.
— Рас, жерге егейік, Кене дұрыс айтады — дейді Тасбақа.
Бұлар өзен жағасындағы бір жардың тегіс бетін таңдап, жұмысқа кіріседі. Түлкі:
— Мына жарды мен арқаммен тіреп жатпасам құлап кетеді. Сендер еге беріңдер, — деп жарға арқасын тіреп ұйқыға кіріседі
Тасбақа тырнағымен жер жыртып, Кене тарыны себеді. Екеуі күзге дейін еңбектенеді, суарып күтеді. Ал Түлкі анда-санда жарды арқасымен кұлатпай тіреп жатқан болады. Жұмыс істемейді.
Күзде тарыны жинап болған соң Тасбақа Түлкіні шақырып келуге Кенені жібереді. Астықты тең бөлісу керек болатын.
Бұлар бір үлкен тастың жанында кездеседі.
Тап осы кезде Түлкі тағы бір қулық ойлайды..
Келіңдер, жарысайық. Жарыста кім озса, бар астықты сол алсын, — дейді, өзінің озатынына сенген ол.
Амал қанша? Тасбақа мен Кене келіседі.
— Ал, кеттік! — деп Түлкі ілгері зыта жөнеледі. Кене оның құйрығына жабысып алған болатын.
Түлкі құйындатқаннан құйындатып отырып айналып, үлкен тасқа бірінші болып жетеді.
Қалған екеуі келгенше дем ала тұрмақ болып отыра бергені сол болатын. Кенеттен:
— Ей, байқа! Не? Езіп тастаймысың! Көзің жок па? — деген Кененің жіп-жіңішке дауысы естіледі.
— Ой, кім бұл? Бұл сенбісің? Сен қалайша бірінші келдің?—деп Түлкі қайран қалады.
— Сен, «ал кеттік» дегенде-ақ, құйғытып отырып бір айналып шыққам, — дейді Кене.
Бұл екеуі Тасбақаны ұзақ күтеді. Бір кезде үсті-басы шаң-шаң, басына жапырақ орап алған Тасбақа келеді.
—Басыңа не болған?—дейді Түлкі.
— Ойбай,Түке!Құрысын, сұрама. Жаңа ерткен тазысы бар бір аңшы: «Досың Түлкіні қайда жасырып қойдың, айт қане?!» — деп сойылдың астына алды. Содан әрең құтылдым. Кешіккен себебім сол. Соңымнан куып келіп қалуы мүмкін,-дейді Тасбақа.
— Сендер мені айыпқа бұйырмаңдар, — дейді Түлкі. — Тазы тонымды жыртпай тұрғанда, зытайын! Тасбақажан! Досым едің ғой! Аңшыға мені көрдім деп айпашы!
Түлкі соны айтып, орманға сіңіп кетеді. Ал астыққа оны өсіру үшін шын еңбек сіңірген Тасбақа мен Кене ие болып қалады. Олар астықты сатып, ақшасын тең бөліп алады. Уайым-қайғысыз өмір сүріп, мұраттарына жетеді