В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
maalia12
maalia12
14.09.2020 06:25 •  Қазақ тiлi

Айтылым ДИАЛОГ 3 - тапсырма . Суреттерге қарап , « Тіл – қарым - қатынас құ ралы » деген тақырыпта парталастарыңмен шағын диалог құрыңдар . FUTBAU​


Айтылым ДИАЛОГ 3 - тапсырма . Суреттерге қарап , « Тіл – қарым - қатынас құ ралы » деген тақырыпта п

Показать ответ
Ответ:
юстина6
юстина6
13.12.2020 03:51

ответ

-Ассалаумағалайкум ата!

-Уағалейкүм балам!Қандай жұмыспен келдің?Айта бер

-Жақында бір мақала оқыдым.Ол жерде Ең жақсы мамандыққа үміткірлерді жазып,пікірталас ұйымдастырыпты.Жасыңыз үлкен ,көпті көргенсіз деп сізден жөн сұрап келдім.

-Иә,бұл өзекті сұрақ! Ең бірінші мамандықтың адамға пайдасы болу қажет.Екіншіден ол жұмысқа деген құлшынысың мен сүйіспеншілігің болу қажет.Ең жақсы мамандық -сенің жүрегің мен ақылыңды бір дәрежеде ұстап тұратын мамандық.

-Сізге көп-көп рақмет айтамын!Осы айтқаныңызды мақалаға жазып қояйын.

0,0(0 оценок)
Ответ:
14Dana14
14Dana14
17.12.2020 19:45

Әрқайсысымыз өмірде белгілі бір дүниелерге ұмтыламыз: белгілі бір мамандық иесі болғымыз келеді, белгілі бір жерлерді саяхаттағымыз келеді, бір нәрселерді сатып алғымыз келеді. Мақсат – өмірдегі шамшырақ секілді. Адамды өмір жолында адастырмай, тура жолда алып жүреді. Сондықтан мақсатты айқындап алу өте маңызды.

Ал мақсат өзімізге және айналамыздағыларға зиянды болмағаны және тәніміз бен жанымызға пайдалы болғаны абзал.

Мақсат – адамның өз әрекеттері арқылы жетуге талпынатын нәтижесі. Мысалы, біз белгілі бір мамандық иесі болу үшін, соны растайтын диплом алу үшін оқуға түсеміз. Ал оқу барысында білім алып, қабілеттерімізді дамытумен қатар, көптеген достар арттырамыз, қызықты сәттерді бастан өткереміз. Түрлі іс-шараларға қатысып, тәжірибемізді арттырамыз. Түрлі адамдармен араласып, көңіл көкжиегімізді кеңейтеміз.  Кейіннен күліп отырып еске алатын мыңдаған естеліктер жадымызда қалады. Яғни алдымызға мақсат қоюдың өзі ғана емес, мақсатқа жету жолы да маңызды рөлге ие. Өзіне ұнайтын, адам үшін маңызды болып табылатын мақсаттарға жету жолының өзі адамды шабыттандырады. Сәйкесінше әр сәттен ләззат алып, бақытты сезінеді. Ал мақсатқа жету адамның үнемі сол жолда әрекет етуін, үлкен ерік-жігерін талап етеді. Ол ерлік кездескен қиындықтарды жеңуге, басқалардың пікіріне тәуелді болмауға, ештеңеге қарамай алға ұмтылуға көмектеседі.

Ал арман мен мақсаттың айырмашылығы қандай? Меніңше, олар өзара өте тығыз байланысты. Мақсат армандардан туатын секілді. Мақсат нақты әрекеттерді талап етсе, арманда еркіндік, абстрактілік басым болады. Мүмкіндіктеріңе, байлығыңа, қабілет-қарымыңа қарамай армандай беруге болады.  Бала күнімізде бәріміз де армандадық, соның біраз бөлігі өмірлік мақсаттарға ұласты.

Мақсаттар әр түрлі болып келеді. Ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді; адам өмірінің әр саласына байланысты да бөліне береді. Сонымен қоса, өмірдің әр кезеңінде актуалды болатын мақсаттар болады. Мәселен,  оқушы кезде жақсы оқып, аттестат алу болса, одан кейін жақсы мамандық иесі болу, отбасын құру, балалы болу, көлік алу, үй салу, т.б. Сәйкесінше әр адамда бірнеше мақсат болуы да мүмкін.

Менің қазіргі таңдағы басты мақсатым – жақсы мамандық иесі болу. Дәрігер болғым келеді. Адамзатқа сол салада пайдалы болуды – негізгі мақсатым деп білемін. Жарасын таңып, ауруын аз да болса жеңілдеткім келеді. Қай кезеңде, қай заманда болсын, бұл мамандық өзінің маңыздылығын жоймайды. Адамзат өз ісінің білгірі ақ халатты абзал жанға қашанда зәру. Ал үлкен мақсатыма жету үшін, бар күшімді салып сабағымды жақсы оқуға тырысып жүрмін: тек баға үшін ғана емес, білікті маман болу үшін, өз ісімнің шебері болуым үшін. Кішкентайдан армандаған мамандығым енді негізгі мақсатыма айналып отыр.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота