Айтылым Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұпта диалог кұрастырыңыз (әр оқушыға 2 минут) Ұлттық сөз әдеби мен сөйлеу әдеби мен сөйлеу этикеті Формаларын қолданыңыз . 1)Кәзіргі жастар бос уақыттын қалай өткізеді? 2)Ауа райының өзгеруі денсаулыққа әссер ете ме ?
Арыстан мен түлкі туралы ертегіАрыстан қартайды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болды. Енді аңдарды айламен аулағысы келді. Өзі үңгірде жатты да: — Аурумын, жүруге әлім жоқ, — деп барлық аңдарға хабар таратты.Аңдар бір-бірлеп арыстанның халін білуге келді. Арыстан аңдардың біреуін де қайтармады. Бәрі де арыстанға жем болды.Бір күні түлкі келді. Ол үңгірден алысырақ тұрды да:— Халіңіз қалай, тақсыр? — деп көңілін сұрады.— Халім нашар. Неге жақынырақ келмейсің? Берірек кел, түлкіжан, бір азырақ сөйлесейік? — деді арыстан.Түлкі:— Мен саған жақын барар едім-ау, бірақ саған кірген із бар да, шыққан із жоқ! — деп жүріп кетіпті.
1. Баянауыл мекені орыс казактарының күшімен 1826 жылы салынды. 2. Казак мекенінің бірінші атаманы болашақта атақты географ, этнограф, саяхатшы және ғалым болатын Григорий Потаниннің әкесі Николай Потанин болған. 3. Баянауыл ауданында Бұқар жырау, суырып салма ақын, әнші Жаяу Мұса, тұңғыш қазақ академигі Қаныш Сәтпаев, Қазақстанның атақты ғалым-энергетигі Шафик Чокин, философ, әрі әдебиеті Мәшһүр Жүсіп Көпеев, тұңғыш қазақ кинорежисеры Шәкен Аймановтар дүниеге келген. Осы жерде қазақтың ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров 4 жасынан бастап өмір сүрген. Кейін ақынның атына сол жердегі көл Торайғыр атанған. 4. Торайғыр көлі. Торайғыр көлі көлемі жағынан үшінші, әрі теңізден айрықша жоғары орналасқан көл болып табылады. Оның суы Жасыбайдыкі секілді тұнық емес, сондықтан шомылатын жер ретінде атағы шыға қоймаған, дегенмен оның балығы көп. 5. Мыстан кемпір шыңы. Туристер арасында "Кемпір-тасс" шыңы атақты болып танылады. Жергілікті тұрғында мен альпинистер оны "Мыстан кемпір" шыңы деп атайды.