Айтылым 8 -тапсырма. -тапсырма. М. Жұмабаев өлеңінің мазмұны бағанда жазылған қай сөйлеммен сәйкес келетінін айт. Ана тілім, енді ұзақ уақыт жарыққа шыға алмай жатарсың. Бірақ бізді өзіңнің бауырыңа тартарсың. Өйткені сен ең күшті тілсің! Қатал тағдыр біздегі асыл, жақсы қасиеттердің барлығын жойып, жоқ қылды. Тек, ана тілі, сен ғана қалдың. .
Туымыз құлады, кешегі мықтылықтан еш нәрсе қалған жоқ, батырымыз ер- кіндікке жете алмай, күрестен үмітін үзді. Біздің ең асыл тұлғаларымыздың аты жоқ болды. Туған жеріміз естен шықты, күшті елдің үні өшті.
Қазақ күнтізбесі, байырғы қазақ күнтізбесі – табиғат құбылыстарын бақылаудан туған халықтың көп жылдық тәжірибелері қорытылған, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен білімдер жинағы. Табиғат құбылыстарының қайта айналып келіп отыруын, күн мен түннің, жыл мезгілдерінің (жаз, қыс, күз, көктем), айдың тууы мен батуының алмасуын; жұлдыздардың орналасу тәртібін, мұқият бақылап, есептеп ұғынудың қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы үшін орасан зор маңызы болды. Қазақтар өзінің байырғы күнтізбесі арқылы жайлауға қай уақытта көшу, күзеуге және қыстауға қай уақытта қайту, қой мен қозыны қырқу, күйекке алу, мал төлдету, соғым сою, егін егу, шөп шабу шаруашылық жұмыстарын жүргізу мезгілдерін негізінен есептеп белгілеп отырды. Бұл есептен жаңылу шаруашылық үшін қауіпті болды. Мысалы, күйек дәл уақытында алынбай, ерте алынса – мал суық айларда төлдеп шығынға ұшырайды, кеш алынса – қой қысыр қалады немесе төл кенже туып, жетіліп үлгермей қыс түседі. Мұндай жәйттер уақыт есебін мұқият білуді, айналадағы табиғат құбылыстарын қатаң бақылап отыруды қажет етті. Табиғат құбылыстарын, қоршаған ортаны, жұлдызды, аспанды бақылаудан туған, халықтың көп жылдық тәжірибесінде жинақталған, қорытылған, зерделенген астрон. құбылыстар мен білімдер жүйесі негізінде Қазақ күнтізбесі қалыптасты. Бұл күнтізбе шетсіз-шексіз кең далада мал бағуға, көшіп-қонуға, жол жүруге, жоқ іздеуге, аң аулауға, төрт құбыласын айыруға, қараңғы түндерде жұлдызды аспанға қарап бағыт-бағдарды ажыратып, өткел, суат, қоныс, құдықтарды адаспай табуға көмектесті. Халық арасында ауа райын болжайтын және уақыт есебімен шұғылданатын арнайы есепшілердің білім-тәжірибелері атадан балаға мирас болып қалып отырды. Есепшілер көптеген ұрпақтардың білім тәжірибесін жинақтап, жылма-жыл табиғат құбылыстарына бақылау жүргізіп, күн райын болжады. Олар Қазақ күнтізбесі нің толық жыл есебін жүргізді, маусымдық жұмыс кезеңдерін белгіледі, қыстың қандай болатыны туралы болжам жасады. Әр айдағы ауа райының шұғыл бұзылатын кезеңдерін, яғни үш, бес күндік амалдарды алдын-ала болжап, жұртқа хабарлап отырды. Осымен қатар қазақ қауымы планеталарды, жұлдыздарды жаңылыспай таныған. Олар, жайында өлең-жыр, сан алуан аңыздар шығарды.
Қонақжайлық – қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрінің бірі. Сонымен қатар адамдар арасындағы сыйластықты, бір-біріне деген құрметті, қамқорлықты білдіретін, кісінің адамгершілігін, имандылығын айқындайтын қасиет.
Адамдарды тіліне, дініне, ұлтына бөліп-жармай, достық ықылас көрсетіп, ас-дәм беру қонақжайлықтың негізгі белгісі. Қазақ халқының қонақжайлық қасиеті мен дәстүрі шетелдік саяхатшылар мен ғалымдарды әр уақытта таң қалдырған. Дәстүрлі қазақ қоғамында әкенің балаға қалдыратын мұрасының белгілі бір бөлігі міндетті түрде қонаққа тиесілі енші деп есептелінген. Қазақ сахарасындағы кез келген жолаушының кезіккен ауылдан тамақтанып, тынығып алуына мүмкіндігі болған. Әрбір үй иесі оны барынша сән-салтанатымен, пейілімен қарсы алып, ақ тілеумен шығарып салуды өмірдің айнымас шартына балаған. Отбасы үшін жолаушыны қонақжайлықпен күтіп алу бұлжымайтын моральдық-этик. қалып ретінде орныққан; қонақжайлық Қонақасы