Айтылым 8. Берілген тақырыптың бірін таңдап, 4-5 минуттық монолог
дайындаңыз. Монолог құрауда сөз әдебі
мен сөйлеу этикетін ескеріңіз. Сөйлеу
ағымындағы интонацияның құрамдас
бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын,
кідірісті сөйлеу мәнеріне сай
қолданыңыз.
Ұсынылатын тақырыптар:
-Табиғат – біздің анамыз, біз – табиғатқа
❤️❤️❤️❤️❤️❤️
Есімдіктер - заттың атын, сынын, санын, я олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы. Есімідіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады.
Мағыналарына қарай есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді:
жіктеу есімдіктер; сілтеу есімдіктер; сұрау есімдіктер; өздік есімдіктер; белгісіздік есімдіктер; болымсыздық есімдіктер; жалпылау есімдіктері;