АЙТЫЛЫМ 4-тапсырма. «Үш қадамды сұхбат» тәсілін пайдаланып, мәтін мазмұны
бойынша сұхбат құрыңдар. Сыныптағы оқушы санына қарай 3 не
4
оқушыдан тұратын топқа бөлініңдер. Сұхбат төмендегідей жүйемин
іске асуы керек:
1. А оқушы В-дан сұхбат алады. Солардың жауабын жазып отырады.
2. В оқушы С-дан сұхбат алады, А жауабын жазып отырады.
3. С оқушы А-дан сұхбат алады, В жауабын жазып отырады
Беташар — қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Дәстүрлі беташар, әдетте, тойға жиналған халық тарқар кезде өткізілген.
Шымылдық ішінде отырған келіннің басына орамал жауып, той өтіп жатқан үйдің ең жақын, үлгілі келіндері екі жағынан қолтықтап алып шығады. Беташардың тәрбиелік мәні зор болғандықтан, келіншектің екі жағына тұратын әйелдер жесір, жеңілтек, т.б. болмауы қатаң ескеріледі. Орамалдың теңге түйілген ұшын домбыраның мойнына не таяқтың ұшына байлап, жырау беташар жырын бастайды. Ол шаңыраққа жаңа түскен келінге ата-енесін, үй-ішін таныстырады, қандай туысқандық жақындығы бар екенін, беделін, қадір-қасиетін шебер тілімен жеткізіп, әрқайсысына жеке-жеке сәлем жасатады.