Халқымыздың бала дүниеге келген күннен бастап өмірінің әрбір маңызды кезеңінен әнмен әрлеп, күймен көмкеріп, көңіл көтеру, болып жатқан оқиғаны ерекше мәнді ету әдетке айналған. Шілдехана, тұсаукесер, атқа мінгізу, сүндетке отырғызу, қыздардың құлағына алғашқы сырғасын тағу, болашақ қалыңдыққа құда түсіп, сырға салу, келін түсіру, қыз айттыру, ұлыстың ұлы күні, Ораза айт, Құрбан айт секілді мейрамдардың барлығы да музыкасыз болмаған. Бұл мерекелердегі музыканың әлеуметтік мәні халықтың көңілін көтеру, қуанышты думанға айналдыру, сонымен қатар балалар мен жастарды тәрбиелеу, мысалы, әрбір әнмен әрленген жыр, терме сөзбен астарласып, адамның есінде сақталуына да септігін тигізеді. Жалаң сөзден гөрі әнмен қоса айтылған өлең сөз көңілге орнығып, көкейге қонымды келетінін халық жақсы аңғарған.
Музыка өнерінің адамның сезім әлеміне әсерін ежелгі дәуірде-ақ халық жақсы біліп, оны тұрмыста пайдаланған. Музыканың алғашқы туындысы сөзді дыбыстаудағы әуезділік болса, оны бір сәт ұзағырақ уақыт аралығында дыбыстап соза түскенде әуен пайда болады. Сөз бен әуеннің осы түйіскен тұсын алдымен малды шақырғанда, мысалы, сиырды аухаулағанда, түйені көс-көстегенде, жылқыны құру-құрулағанда, қойды түшәйттеген де. Ал табиғат қойнауында адасқан екі адам бірін-бірі шақырғанда айқайлап қатты дыбыстаған. Бұларды музыкалық дыбыстардың алғашқы элементтері деуге болады.
2. Аударманың пайда болу және даму ерекшеліктері. Аударма жан-жақты, көп қырлы құбылыс. Көркем шығармаларды аудару, жарнамаларды аудару, шетел фильмдерін аудару-бұлардың барлығы аудармалардың түрлері. Халықаралық конференцияда синхронистің жұмысы-аударма. Шетелден келген қонақтарға таможняда немесе базарда көмектесу де аударма. Бір тілден екінші тілге өлеңдер, көркем проза, публицистика, әртүрлі ғылыми-техникалық материалдар, дипломатиялық құжаттар, іскерлік қағаздар, саяси қайраткерлердің сөйлеген сөздері мен мақалалары, шешендердің сөздері, газеттегі мәліметтер, сұхбаттар т.б. аударылады. Аударманы жүзеге асыратын аудармашыға оригиналдың мағынасы мен формасын ең жоғары деңгейде бере алуы үшін екі тілді жетік білу аздық етеді. Жақсы аудармашы болу үшін аударманың тарихын, қыр-сырын, тәсілін, заңдылықтарын игеруі қажет. Аудармашы мамандығының көп ғасырлық тарихы бар. Аударма мен аудармашы мамандығының шығу тарихы өте ертеден басталады. Аударма ешбір күдіксіз адам іс-әрекетінің ең көне түрі. Қасиетті кітаптардың айтуы бойынша Вавилон башнясы туралы аңызда ең әуелі жер бетінде тек бір ғана тіл болғаны айтылады. Бірақ Алла бірінің тілін бірі ұқпасын деп тілдерді әтүрлі жасаған кезден бастап, яғни адамзат тарихында тілдері бір-бірінен өзгеше топтар пайда болысымен, <<әртүрлі тілді>> топтар арасында қарым-қатынас жасауға көмектесетін аудармашылар пайда бола бастаған. Соғыстарда, келіссөзер жүргізгенде аудармашылар болған. Жазудың пайда болуына байланысты мұндай ауызша аудармашыларға-<<тілмаштарға>>-жазбаша аудармашылар, яғни ресми, діни және іскерлік тұрғыдағы әртүрлі мәтіндерді аударатын аудармашылар қосылды. Қасиетті кітаптардың өздері әртүрлі тілдік варианттарымен көне ескерткіштердің, яғни аударма өнерінің биік шедеврі болып табылады. Ең басынан бастап аударма адамдардың тіларалық қарым-қатынасын мүмкін қылатын ең маңызды әлеуметтік қызмет атқарады. Жазбаша аудармалардың таралуы адамдарға басқа халықтардың мәд

Шок! Внук Назарбаева назначен И.О
Айсултан Назарбаев теперь...
ПОДРОБНЕЕ

Тарзан опозорил Королеву перед всей Россией
Любимый опозорил свою суженую...
ПОДРОБНЕЕ
livesmi.net