Менің арманым - дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.
Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.
Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.
Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.
Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.
Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.
Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.
Бір күні Қарт әжейдің қолында көп жүгі болып жолдан өте алмай тұрды.Асан сабақтан қайтып бара жатып әжейді көріп қалып,жүгіріп көмектесуге барды.
-Әже сөмкенізді берініз көтерейін,деді Асан.
Асан Әжейді жолдан өткізіп жіберді.Әжей Асанға бұрылып қарап,
-Таудай бол шырағым саған көп рахмет,Атын кім? деп сұрады.
-Әже менің атым Асан,деп жауап берді.
-Асан балам саған көп рахмет,деді қуанып.
-Рахмет деп айтпайақ қойыныз бұндай іс жасау бізге міндет деп ойлаймын,деді Асан.
Асан ойланып тұрып былай деді:
-Сөмкеніз ауыр екен бәлкім үйінізге дейін шығарып салармын.
-Жоға балам осы да жетеді әуре болмайақ қой,үйіне бара ғой,ата-анан күтіп қалған болар,деді Әжей.
Асан:
-Жарайды әже сауболыныз байқап жүрініз, деп қоштасып қалды.
Үлкендерге көмектесу біздің міндетіміз.Әрқашан үлкендерді сыйлап жүрейік.
Менің арманым