Айша бибі кесенесі Ертеде Қарахан атты батыр өмір сүрген деседі. Ол Айша бибі
деген қызға ғашық болыпты. Бірақ Айша бибінің әкесі мен Қарахан
батыр бір-біріне қас екен. Сол себептен де қызды қолдан алуға үміт
етпеген Қарахан бір күні Айша бибіні алып қашады. Сонда әкесі
жендеттерін жіберіп, екеуін де өлтіруге бұйырады.
Қос ғашық қуғыннан қашып, ұзақ шабады. Шаба-шаба шар-
шаған Айша бала кезінен өскен жері Аса өзеніне шомылмақ болып,
суға түседі. Осы кезде қыздың әкесі жіберген жендеттер Айшаның
сәукелесiне улы жылан салып жібереді. Суға шомылып, көңілі
шаттанған Айша сәукелесін киген кезде жылан шағып, есінен
танып, әлсірей бастайды. Қарахан Айшаны көтеріп алып, жақын
маңдағы ауылға апарып, молдаға некесін қидырады. Айша бибінің
демі бітіп, батырдың қолында көз жұмады.
54
Менің арманым
Менің арманым - дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.
Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.
Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.
Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.
Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.
Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.
Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.
Көп тіл білгім келеді
Объяснение:
—Ата, сіз ана тілімізді жақсы білемін деп ойлайсыз ба?
—Жоқ ботам, қазақ тілі-бай тіл ғой. Ешкім қазір қазақ тілінде жақсы сөйлемейді. Бұл заман талабы.
—Сонда қалай?
—Адамдар қазір полиглот қой.
—Полиглот?
—Ия балам. Адамдар қазір көп тіл біледі. Бірақ өз ана тілінде сөйлей бермейді. Орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгергенімен, өз тіліне келгенде абыржып қалады.
—Бірақ көп тіл білген жақсы ғой, ата.
—Әрине жақсы. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте демекші өз тілін біліп жүрген де абзал.
—Сонда бізге қазақ тілін үйрететін үйірме қажетті ме?
—Ия. Дарынды жастар өзінен кішілердің ана тілімізді меңгеруіне көмектеседі деп сенемін.