В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
alan550
alan550
06.11.2022 23:05 •  Қазақ тiлi

Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесі өткен жылдың құйрықты жұлдызындай жарқ етіп, сөзге көңіл суарған көпшіліктің айызын бір қандырып, қапысыз бабамұратты бағзы заманның шежіресіне қанық еткен-ді. Әңгіме өрісі кең, кей тұста этнографиялық, кей тұста тарихи мағлұматтарға жүгінсе, кей тұста атбегілік әуселесі әулиелікке ұласқан қазақтың дегдарлығын паш етеді, кей тұста ел мен жердің аңысын аңдығандай географиялық әу-жайға қанықтырып қояды. Жазушының жұрнақ пен жалғауға шолақ, қайыруы тез, ұғынуы күрделі сөз байламдары кібіртіктетіп, екі үш қайтара оқуға байлап қоятыны бар. Әйтсе де, Айгүл идеяның тінін қиялдан өрмейді, тарихи негізі бар оқиға желісін кейінгіге шынайы ұқтырмақ болғандай. Ұлттық құндылықтар мен өшпес мұраттар, дін мен ділді, адамшылық пен азбандықты ту еткен шығармасының кең ауқымына, терең иіріміне қарап эпикалық әңгіме деп тануға болады. Құлдық қамытына байланған иісі қазақ, руы қыпшақ Кенжебекті түркпеннің құлақ-кесті құл-атбегісі «қаңбақша ауып, тамырсыз дедектеген» Тасқұл-қаңлы «Ай-Күн жарықсыз болмас» деп жұбатады. Жылқышы ата түркпен мен қазақ руларының аталас, дағды қалпын айырып, екі елдің жаугершілік мінезінен сыр шертеді. «Қазақылық заманнан үш жүз бір ту астына біріксе, ер түрікпеннен бөлек, Өр Алтайдан Еділге өтіп, қырғидай тиген құба қалмақтан, Ысық көлдің арғы жағынан жөңкіліп тиісетін жауынгер тайпа қырғыздан. Ормандай кәпір орыстан, сірә да жеңілмес еді». Алты бақан алауыз болғанымен, «кертағыдай бұл қазақ бүлікшіл, өлермен халық екенін көрсет!» деп баланы түрікпен ат бәйгесінде қаракөк тұқым, аузымен құс тістеген хас жүйрікпен қашырмақ болады. «Жылқы әулие, әулиеге тапсырдым!». Көз алдыңызға көкірек кенересін даналық кемсерген, әулие-абыз қарияның зор пішіні келе қалады. Ғазиз, абыройлы өлімнің алдында құлқамыт өмір-дің түк мәні жоқ. «Өмір мен өлім деген не тәйірі!». Құлдықтан қашу зор үрей, алдын тосып құмдақ шөл, сусыз шөлейт, алаөкпедей көбік құсқан ағынды дария тұр, бірақ, ата балаға қанат береді, құлдықтың түбі тексіздік, тамырсыздық деп көрсетеді. Тексіздік үлкен таңба, қала берді жұтылу. Жазушы қазақтық санадағы тексіздікті бүгінгі құлдыққа да саяды, санаң құлдықтан азат болсын деп үгіт етеді. Қазақ пен қазанатты айыру – ұлттың ар-қасиетіне сына қағу. Жылқыны сүю – Тәңірді әспеттеумен тең бе дерсің қазаққа. Жылқыға құмарлықтың өзі рухтың, ойдың да Жаратқанымен табысуға аңсары емес пе екен? «Қазақ атқа мінбесін, қазақ атқа мінсе, бір дене, бір жанға айналып кетеді». Жазушының көркем шығармаларында, эсселік әдеби толғаныстарында жылқы жануары туралы тәтті тамсаныс, ерен көзсіз махаббат жырдай есіледі. Бұл тақырыпқа қалам тербеуінің өзі – қазақтың ежелгі өмірлік құндылықтарын қайтарып алып, бүгінгі санасы тұтас тамұқтай ұрпаққа уыздай ұсынбақ болғандай. « – Бұрынғы көнекөз жұрт көкірегі ерен көркем еді, толған ай көрсе шашты, жазғы сәуле құйылса түкті деп жатушы еді». Жазушы құдайға қараған қазақтың жұпар аңқыған сәуле санасын аңсармен сағынып, беттескендей, бөрілі қазақты құшақ басқандай жазуы ненің сипаты? «Ойсыз, доссыз, бақытсыз» қорқытты ма екен? «Түрікпен Қорқытқа көр қазба дейді. Мен айтамын, Қорқытқа көр қазылсын, уақыты келсе даяр тұрады!». Шығармада «бастары қосылмайтын ақырзаман жастарының» ойсыз, бақакөзденген ұландардың бөрігін алып түсіп, төсінен басып, ұйқылы ояу ұлттың намысына тиер бұзаутіс қамшының ащы шықпыртындай сөздер көп-ақ. Түрікпен «аш құлақ та тиыш құлақ» дер, бірақ «мен» – мен қазақпын – «Тұрлаусыз өскен құландай қыпшақ қаныңды сатпа!» дейді. Жазушының ішкі дүниесі ышқынып, ызалы қолы уақытынан кеш сермегендей, адуынды мінезбен Кенжебектей ұландарын қайрап, түйреп өтеді. Шығарма сәтті аяқталған. Пессимизм біздің буынға түскен буынқұрт, жазушы осыны жақсы ұғады. Ата сертке, қазақтың жомарт жүрегінің дұғалы лебізіне иланады. Батасыз ердің көгермейтінін біледі. Жазушының стиліндегі төкпелі жырдай алақұйын сөйлем легі, асқақтап шапшитын елірме пафос ерен рух қанатын байлайды, жайдақ аттай сылбырлықпен ел мен жердің аңысын шертіп, қазақтық кемел дүниетанымға бөктіреді. А.Кемелбаеваны оқу – қарысып қатқан қолтығыңды сөгу, қамау теріңді алу, зиялы зердені талап етеді. Әуелгі туындыларынан-ақ, шұбалаңқылау, энциклопедиялық ірі біліммен танылған шығармагердің бар міні сол – ұлан-ғайыр төгілген тіркестерге бар білімін сарқып жұмсау шығар. Бірақ әдебиеттің негізі көркем тіл, көмбеленген астарлы тіл деп ұқсақ, Айгүлде бұл олқылық қайта өз бағын асырып отыр. Жұлдызын жарқыратып тұр. Тіпті, диалогтарындағы ежелгі сөйлеу мәнерін-де ақпараттық нығыздық бар. А.Кемелбаева эпостық емеурінне «Концептуалдық кесте» стратегиясы

Кейіпкер

Іс- әрекеті мен мінезі

Автордың осы кейіпкерге көзқарасын шығармадағы тілдік қолданысы арқылы дәлелдеу

Кенжебек

Тасқұл

Атажан

Показать ответ
Ответ:
marybyl86
marybyl86
19.05.2020 18:51

Үнді пәлсапасы б.з.д. II және I мыңжылдықтың бас кезінде, арийлердің (малшы тайпалардың) солтүстік-батыстан енуі, олардың елді басып алуы, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдырауы ежелгі Үндістанда таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуымен дүниеге келді. Мемлекеттік биліктің басында раджа тұрды, оның билігі егін шаруашылығымен айналысушы ақсүйектердің билігіне және рулық абыздық билікке тірелді. Ежелгі Үндістан қоғамының әлеуметтік стратификациялануын төмендегідей сипаттауға болады:

TibetianGanpati.jpg

Варналар - топтар Варналардың өкілдері

Брахмандар Абыздық варна

Кшатрийлер Әскери ақсүйектер тобының варналары

Вайшьялар Егінші-варналар

Шудралар Төменгі варна

0,0(0 оценок)
Ответ:
Alinazay1
Alinazay1
28.04.2021 06:33

1. Отандық өндірістегі 4 цилиндрлі қозғалтқыштың

жұмыс тәртібі Д

6, 1 кг бензиннің толығымен жануы үшін қажетті ауа

көлемі В

Отын сүзгілері * * *арналған В

4 ТН-9X 10т сорғы беретін отын көлемі С

6-7 кгс күшпен басқан кезде ДТ 75 желдеткіш белбеуінің

иілуі С

3. «Ауамен салқындату жүйесіне жатады Е

4. Екі сатылы мультициклонды ауа тазартқыш***дизельге

орнатылған А.

9. 75 тракторы ілінісінін жалғастырғышы* * *жүргізеді Д.

5. Жылу тасымалдағыш-бұл

С. Газды ауалы қоспа

10. А-41, Д-240 қозғалтқыштарындағы ГТ механизіміне

әкелетін май* * * басталады

Е. В және Д

- тапсырма 2.

Айналшақты бұлғақты механизімнің бөлшектерін жаз

Қозғалмайтын бөлшек

Қозғалатын бөлшек

Дескриптор

Айналшақты бұлғақты механизімнің қозғалатын және қозғалмайтын бөлшектерін ажыратады

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота