Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Халқымызда "Жер-Ана" деген ұғым қалыптасқан. Жерді өз анасындай, анасын күндей қастерлеу біздің борышымыз. " Жер шоқтығы - Көкшетау, Жер жаннаты - Жетісу" деп ата-бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын осылай білдірген. Сондықтан орман тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдің ластануына ерекше мән берген. Қоршаған ортада көптеген өзгерістер болып тұрады. Мысалы: найзағай жарқылдауы, гүлдердің өсуі, жаңбырдың жаууы, жел соғу бұның бәрі табиғат өзгерістеріне жатады. Табиғат пен адам қатар ұғым, табиғатсыз адам адамсыз табиғат өмір сүру мүмкін емес. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. себебі адам өз керектісін табиғаттан алады. Табиғатты қорғау, сақтау біздің міндетіміз. Бүгінгі күндегі ең үлкен мәселе- ол экологиялық мәселелер ұшаң-теңіз. Ауа мен судың ластануы, ормандардың отқа орануы, көптеген жануарлар мен өсімдік түрлерінің жоғалып кету қаупі, тіпті қоршаған ортаның көң-қоқысқа айналуы- осының бәрі экологиялық мәселелер. Бұл мәселелердің адам өмірінде маңызы зор. Адам табиғатқа тәуелді болғандықтан, айтылған мәселелерді шешіп, табиғатқа қамқорлық жасауы тиіс. Табиғатты құртатын да, қайта жандандыратын да ада. Қоршаған ортаның, табиғаттың таза болуы-адамзат денсаулығының мықты болуының кепілі. Адамдардың амандығы, көтеріңкі көңіл - күйі мен ерекше шабытта, күш-қуатта болуы табиғат тазалығымен байланысты. " Таза болса табиғат аман болар адамзат" деген мақал дұрыс айтылған. Сондықтанда табиғатты қорғайық, ластануына жол бермейік!
Менің сүйіктім ойыным -тоғызқұмалақ.Тоғызқұмалақ математикалық, әрі спорттық ойыны,Бұл ойын екі адам арасында өтеді.Ойын тақтасы -2 қазан,18 отау, 162 құмалақтан тұрады.Біздің мекттепте тоғыз құмалақ үйірмесі бар.Мектепте тоғызқұмалақтан жарыстар өткізіледі .Наурыз мерекесінде тоғызқұмалақ жарысы өтті .Мен жарысқа қатысып бірінші орынға ие болдым.Бұл ойын маған өте ұнайды.Ойын математикалық ойлау жүйесін дамытып,төзімділікке баулиды.Бос уақытымызда досымызбен бірге тоғызқұмалақ ойынын ойнаймыз..Тоғызқұмалақ өткен ғасырларда қазақтың ең көп тараған ойыны болатын.