Ауызекі сөйлеу тіліне тән қозғалысты анықта. Бір жұрттың бас әкімі екінші бір байға жолығысып, сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы мұжық өтіп бара жатып, иіліп, бас ұрып сәлем берді дейді. Оған қарсы әлгі әкім одан да төменірек бас ұрып сәлем алды. Қасындағы бай:
– Тақсыр, осыншама жұрттың үстінен қараған әкімсіз, осы бір мұжыққа неге сонша бас ұрасыз? – деп айтты дейді.
Сонда әкім:
– Ешбір ілім-білім үйренбеген мұжық сонша иіліп, әдептілігін көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып қалайын ба? – дейді.
Сөйлемге грамматикалық (морфологиялық+синтаксистік) талдау.
1) Синтаксистік талдау:
Келе жатқан – баяндауыш (не істеген)
Кестелеп тігу – бастауыш (не?)
Адам (ның) – анықтауыш (кімнің?)
Бейнесін,тұлғасын – толықтауыш (несін?)
Халқымызда – толықтауыш (немізде?)
Бұрыннан – пысықтауыш (қашаннан?).
2) Морфологиялық талдау:
1.Адам – түбір сөз (зат есім).
2.Бейнесін
Бейне – түбірі (зат есім),+сі – тәуелдік жалғауының ІІІ жағы,+н – табыс септігі жалғауы.
3.Тұлғасын
Тұлға – түбірі (зат есім),+сы – тәуелдік жалғауының ІІІ жағы,+н – табыс септігі жалғауы.
4.Кестелеп
Кестеле – түбірі (етістік),+п – көсемше жұрнағы.
5.Тігу
Тіг (к) – түбірі (етістік),+у – тұйық етістік жұрнағы.
6.Халқымызда
Хал(ы)қ – түбірі (зат есім),+ымыз – тәуелдік жалғауының І жағы,+да – жатыс септік жалғауы.
7.Бұрыннан
Бұрын – түбірі (үстеу),+нан – шығыс септік жалғауы.
8.Келе
Кел – түбірі (етістік),+е – көсемше жұрнағы.
9.Жатқан
Жат (жатыр) – түбірі (қалып етістігі),+қан – есімше жұрнағы.