"Ауылым-алтын бесігім" деген, мен де өз ауылымды алтын бесікке теңеймін. Менің ауылымның табиғаты, ауасы, суы да, тіпті топырағы да таза.Айнала қоршаған ну орман.Орманда қарағай,емен, теректер өсіп тұр.Даламыз емдік қасиеті бар шөпке бай.Осының бәрі су көзінің болуында.Су болмаса тіршілікте болмайды. Туған жерім тарихқа да бай.Бүгінгі күні ауылымызда мұражай, мәдениет үйі, мектеп, аурухана, кітапхана, балабақша бар.Мұражайдан ауылымыздың өткен тарихын көре аламыз.Адам өзінің туып-өскен жеріне деген сүйіспеншілігін жүректен шыққан сезіммен жеткізеді.Сондықтан мен де "Менің ауылым-мақтанышым" деп құдіретті сөзбен айта аламын.