Злиха мен Батима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз бала төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп, қалаға келе жатыпты. Злиха аһлап-уһлеп, Бәтима күліп, әзілдесіп келе жатады. Сонда Злиха айтады:
- Сен неге мәз болып, қуанып келесің? Төбеңдегі жәшіктің ауырлығы менің басымдағыдан кем емес, өзің де менен күшті емессің.
- Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым, - дейді Бәтима.
- Ай, ондай болса, сол шөбіңнің атын айтшы, мен де ауырымды жеңілдетейін, - деді Злиха.
- Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын. Оның аты – «сабыр», - деп, айтқан екен .
Ыбырай Алтынсарин