Мұрат Мөңкеұлы 17 жасында Жылқышы, 20 жасында бала Ораз, 25-інде Жаскелең, Жантолы, Шолпан, Тыныштық сынды ақындармен айтысып, жеңіп шыққан. Ол өзінің өжет мінезі, қағытпаға жүйріктігі, тапқырлығымен әрдайым жеңіске жеткен.
Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. Зар заман ақыны атанды. Ата қонысының отарлаушы талауына түскеніне налыған ақын өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алған. Оның «Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, Сарытау, Аштарханның жерін алды. Тәмамы су мен нуды орыс ұстап, Қазақтың мұнан жұтап шалынғаны», «Қазақтың жер-мұрасы», «Кең қоныс қайдан іздеп таптырады?» деген жыр жолдары ақынның отаншылдық рухына дәлел болады.
Барыс - биік тауда мекендейтін ерекше сымбатты жыртқыш аң. Ол өте айлакер, күшті әрі шапшаң. Жемін биік тасты жерден, кейде кұз арасынан аңдып отырып, 15 метрге дейінгі биіктіктен секіріп, аса ептілікпен ұстай алады. Ұсак жануарлар мен кұстардан басқа, кейде арқар, таутекелерге де шабуыл жасауы мүмкін.
Барыстың дене тұркы 120-150 см-ге, құйрығының ұзындығы 90 см-ге дейін жетеді, салмағы 23-43 кг-ға дейін тартады. Бір қызығы - осындай ірі тұлғалы жыртқыш адамға шабуыл жасамайды. Мысықша мияулап, қатты үн шығара, құлақтарын жымқыра ырылдағаны болмаса, залалы жоқ.
Таудағы барыстың тұрақты жатағы болмайды. Тек күшіктеген уақытта ғана тау үңгірлерін уақытша мекендейтін көрінеді. Барыс 3-4 жасынан бастап көбейе бастайды. Күшіктерінің саны 1-ден 5-ке дейін жетеді.
Барыстың саны күрт азайып кетуі себепті корғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелген