Аспан әлемінің құпиялары Аспан әлемінің құпиялары қазіргі таңда ғалымдармен үздіксіз
зерттелу үстінде. Жұлдыздардың әлемі әр алуан. Кейбір жұлдыздар
көлемі бойынша Күннен мың есе үлкен әрі жарығырақ болып келсе, ал
кейбіреуінің мөлшері мен шығаратын жарығының энергиясы Күннен
әлдеқайда аз болып келеді. Жұлдыздардың жарқырауы да түрліше
болады. Ғалымдар: «Алтын балық шоқжұлдызы Күннен 400 мың есе
артық жарқырайды», - деп пайымдайды.
Жұлдыздар өте алыс қашықтықта орналасқандықтан, олардың
серіктері ең күшті телескоппен де көрінбейді. Оларды анықтау үшін
зерттеудің нәзік әдістерін қолданып, бірнеше ондаған жылдар бойы
ұқыпты бақылау мен күрделі ескптеулер жүргізу қажет.
XIX ғасырдың ортасындағы орыс саяхатшысы Матвей Ястребов
былай деп жазған еді: «Ең алғашқы астрономдар көшпелі халықтар
болғаны даусыз. Кең далада мал бағып өмір сүру олардың аспан
денелерінің қозғалысына үнемі бақылау
1. ЖЖ. «Неге? Неге?» әдісі арқылы жұбыңызбен диалог құрыңыз.
Диалог құруға нұсқау:
а) 1-оқушы мәтіндегі ойға байланысты пікір білдіреді де сөйлемді
«Неге?» деген сұрақпен аяқтайды.
(6) WhatsApp — Янд-
Қазақ халқына кеңінен танымал көркем жырлардың бірі — «Қыз Жібек» жыры. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, дүниеге көзқарасын, ұғымын білдіретін әңгеме.
«Қыз Жібек» жыры, әңгімесі қазақ хылқының сол кездегі көшпелі салтын білдіреді, сондай салт, сондай дәстүр орнаған қоғамда туып-өскен адамның көзқарасы қандай екенін көрсетеді. Ескі көшпелі өмірдің сұлу табысы деп бағалауға сай жырлардың бірі- «Қыз Жібек» екені даусыз.
Жырдың халық арасына кең тараған да, аз тараған да нұсқалары бар. Бірақ барлық нұсқалары мен версияларына ортақ бір сюжеттің бары анық. Жырдың қысқаша әңгімесі мынадай. Ертерек заманда Жағалбайлы деген елдің Базарбай деген байы болады. Оның Төлеген, Сансызбай атты екі ұлы болады. Базарбай асқан байлығымен танымал болса да екі ұлына қыз айттырмайды, есейгенде қылыңдықты өздері табады деп ойлайды. Төлеген ер жетіп, жігіт болған соң маңайдағы елден өзіне лайық қыз іздеуді бастайды.
Ешқандай сұлу ұнамай жүрген кезде, сондай бір алыс елде Қыз Жібек деген сұлу бар екенін естиді. Қыздың салтанаты мен келбетінің асқан сұлу екендігін және ол да өзіне лайық жігіт таппай жүргендігін естіп, жүз жылқы айдап, қыздың елін іздеп кетеді. Арада көп уақыт өтеді, сұлу қызы бар деген елдерге сый-сыйапат жасап, даңқын шығарып жүреді.
Аяғында Қыз Жібектің ағасы, ақылшысы болып жүрген Қаршыға деген адамға кез болады. Қаршыға Төлегенді көшінің соңынан ертіп, қарындасын көрсетпекші болады. Көш бойынан талай сұлуды көреді. Жібек қыздардың ішінде болмайды, ол көштің алдында, ақ күйменің ішінде, ешкімге көрінбей жеке кетіп барады екен. Қуып жеткен Төлегенге Жібек жүзін көрсетеді де, Төлеген – күйеу, Жібек -қалыңдық болып, біраз уақыт бірге болады.