Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті-қолы домбығып, үсік шалды. Шидем мен тон қабаттап киген малшы Бет қарауға шыдамай теріс айналды. Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы Титығы құруына аз-ақ қалды. Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр, Малшыларым, қор қылма итке малды. Соныға малды жайып, күзетіңдер, Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды! Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін, Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
Соғыс- әртүрлі топтар арасындағы, өздерімен соғысып жатқан жақты құрту үшін шайқас. Соғысу оңай емес. Және бүкіл әлемдік деңгейдегі соғысты - дүниежүзілік соғыс деп атайды. Соғыста адамдар қырылады. Соғыста ешкім- ешкімді аямайды. Және де соғысты зерттейтін ғылымды полемология деп атайды. Біздің есімізден кетпейтін соғыс "Ұлы отан соғысы". Бұл соғыста ата- бабаларымыз біз үшін жанын беріп, бізге тәуелсіздік алып берді. Менің де өз елімді қорғауға ат салысқым келеді. Менде мүмкін өскенде елімді қорғап қалатын шығармын.