В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
ВиГуки247
ВиГуки247
12.07.2021 23:17 •  Қазақ тiлi

"алып тулгалар жылаганын кордим,Бастарын суйеп гасырга" деген жолдардын магынасын ​

Показать ответ
Ответ:
adel1288
adel1288
03.02.2023 18:45

М. Мөңкеұлының "Сарыарқа" шығармасы өте аянышты жазылған. Себебі ол жерде орыстардың қазақ жерлерін басып алғаны бейнелеген. Қазақ халқы Сарыарқа жерінен бастап көшіп, қай жерге барса да көп машақат, азап, арамдық көрген. Адамдарды күлдіріп жүретін шайқылардың өздері көшерде жылаған. Ақын өлеңде өте қатты қайғырып, мұңаяды. Себебі, заман өзгерген, ал заманның өзгеруі халыққа байланысты. Яғни, адам пиғылы нашарлаған. Олар бір бірін мүлдем көре алмайды, бір бірін қызғанады. Бұрын бірге той тойлап, көмектесуге құштар болып тұрған адамдар жоқ. Ақын сол адамдарды сағынып, шөлдейді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
spartanash
spartanash
13.12.2021 01:19

Хаммурапи заңдары — Вавилон заңдарының жинағы.Бұл заңдар Хаммурапи патшалық еткен кезде, шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 1760 жылы қабылданған.Хаммурапи заңдары Ежелгі Шығыстағы құл иеленушілік құқықтың аса маңызды ескерткіші болып есептеледі.Диорит бағанға сына жазуларымен жазылған бұл заңдардың мәтіндері 1901 — 1902 ж ежелгі Эламның астанасы — Сузы қаласының орнына жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған.Оны ол жерге эламдықтар әскери олжа ретінде әкелген болса керек.Хаммурапи заңдары қазіргі кезде Луврда сақтаулы тұр.Заңның неғұрлым кейінгі көшірмелерінің жұрнақтары Сузы,Ниневия,тағы басқа.Месопотамия қалаларында жүргізілген қазба жұмыстарында табылды.Хаммурапи заңдарының мәтіні кіріспеден,282 баптан ж/е қорытынды бөлімнен тұрады.Онда әлеуметтік теңсіздіктің салыстырмалы түрдегі жоғарғы дәрежесі бейнеленген.Сына жазуымен баяндалған заңдар азаматтық ж/е қылмыстық құқыққа бөлінбесе де баптар белгілі бір топтарға біріктірілген;сот процесі, меншік, патша қызметі, неке мен отбасы, міндеттер, тағы баскқа.Оның үстіне әрбір тақырып қылмыстық-құқықтық, сондай-ақ азаматтық-құқықтық тұрғыдан түсіндіріледі. Құқық субъектілері болып ерікті қауым мүшесі (авилум — “адам”)ж/е толық құқығы жоқ патша қызметіндегі ерікті адам (мушкенум — “төмен құлайтын”)танылды. Кейбір құқықтарды (ажырасу және қалың малын қайтарып алу құқығы)ерікті әйелдер де пайдаланған. Құлдар мен балалар тек құқық нысандары ретінде ғана қарастырылды. Хаммурапи заңдарында құл иеленушілердің құлдарға үстемдігін, жалпы жеке меншікті нығайтуға және патша қызметіндегі адамдардың мүдделерін қорғауға ерекше көңіл бөлінді. Бұл заңдар бойынша Вавилон патшалығындағы тауар-ақша қатынастарының елеулі дамығаны жөнінде қорытынды жасауға болады. Ғылыми әдебиетте Хаммурапи заңдары әрекет еткен құқық жинағы ретінде (бұл неғұрлым шындыққа жанасады),“әлеуметтік әділеттілікті” бейнелеген заңдық трактат немесе Хаммурапи патшаның өз қызметі жөніндегі құдайларға берген есебі ретінде қарастырылады.Хаммурапи заңдары ежелгі Кіші Азияның өзінен кейінгі заңдарына елеулі ықпал етті. Хаммурапи заңдарында құл иеленушілердің көзқарастарына қарсылық көрсеткені туралы күмән жоқ, бірақ оларды қырсық құлдардан сақтауға тырысты.Орташа жанұялар Ерте Вавилонда сирек кездесті.Құжаттарда көрсетілгендей құлдарды сатуға, алмастыруға, мұрагерлікпен беруге, сыйға тартуға, бір сөзбен айтқанда олардың тұрмыс жағдайына қарамастан оларды өмірлерін өз беттерінше қолданған құлдардың орташа бағасы 150-200 грамм күмісті құрады."Саусақ" стелласының жанынан көрінісі.Егер үй бұзылған жағдайда да құл зиян шегетін болса, құрылысшы зиян шеккен құл үшін төлем төлеуге міндетті болған. Құлдың қаза тапқан жағдайында, сол құлдың иесіне басқа құлды беруге тиіс еді.Заңда құлиеленушінің көзқарасын жақтады, құл иеленуші басқарушыларға қашып кеткен құлды қайтаруын және қашқаны үшін өлім жазасын беруге өз талаптарын қоюға құқы болды. Егер жалдаған құл қашып кететін болса, оның уақытша иегеріне материалдық жауапшылықта болады. Кінәлі құлды қашып кеткенін жасырған жағдайда өлім жазасына тартылды.Адамның құл екендігін оның ерекше шаш қиысынан, құлақ тесігінен, кеудесіндегі таңбасынан білуге болатын.Ежелгі Вавилонда құлдар қатарын көбейтудің бірнеше қайнар көздері қызмет еткен. Біріншіден ол көптеген тоқтаусыз жүріп жатқан соғыстар. Сонымен қатар ең маңызды қайнар көз болып ішкі көздер табылды. Басы бос еркін адам жасаған қылмысы үшін құлға айналған, мысалы: Ирригация жүйесінің ережелерін бұзғаны үшін және де құлдарды өз еркімен сатқаны үшін де көңіл бөлініп оларды құлға айналдыру үрдісі болған.Айта кететін жәй, еркін адамдардың құлға айналуы мемлекеттің өзіне деген қарама-қайшылықтарға әкелетінін көрсетеді. Құл иеленушіге байланысты құлдар мемлекеттік, храмдық, жеке иеленушілер мен құлдар болып бөлінді. Олардың барлығының иелері мушкен болып табылды.Бұл жағдайда құлдар өзінің әлеуметтік мәртебесін өзгерту өте қиынға түсуі мүмкін. ІІІ Ура династиясы тұсында соттық тәртіп бойынша құл өзінің жағдайын көтеруге құқы бар болатын. Сондай-ақ мұндай мүмкіндік Хаммурапи кезінде де болды. Шынында, бұндай жолға аяқ басу үшін алдымен ойланған жөн: егер жақтаған құлдың ұтылу жағдайы болғанда оны үлкен қауіп-қатерлер күтіп тұратыны белгілі. Құлдарға басы бос еркін әйелдерге үйленіп, тұрмыс құруға, сонымен қатар баласы мен әйелдердің өзі некелесу жағдайында еркін болып қала берді.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота