Алып Ер Тұңға жырындағы мадақтау мәніндегі тармақты анықта. Назар салсаң, бұл түркінің бектері,
Жаһанның әз бектері, асыл тектері
Білімді батыр жүнжіді,
Замана аты жаншыды.
Түркі бектері ішінде атын асырған
Алып Ер Тұңға ер еді құты тасыған.
Тәжіктер де хатқа мұны түсірген,
Кітапта жоқ болса кімдер түсінген?!
Қажет білсең, білім, ақыл, даналық,
Қолға алуға дүниені қаратып.
Мұғалім туралы диалог құрастыру.
Ахметбек: Мектепте сабақ басталғаны енді ғана сияқты еді, байқамай қыркүйектің соңы да болып қалыпты...
Саяжан: Ия, бұл дегеніміз мұғалімдер күніне бірер күн ғана қалды дегенді білдіреді ғой. Осы жылы ұстаздарымызға қандай сыйлық жасаса болады екен?
Ахметбек: Ұстаз – біздің қолымызға қалап ұстатып, әріп танытып, білім нәрімен сусындататын екінші анамыз ғой. Менің ойымша, қандай сыйлық жасап, қалай құрметтесек де артық етпес. Қандай ойларың бар?
Саяжан: Дұрыс айтасың, сенімен толықтай келісемін. Болашақ ел басқаратын тұлғаларды, ақ халатты абзал жандарды, ғалымды, кеншілерді, кез келген мамандық иесін ұстаздар тәрбиелейді. Шәкірттерінің бойына жақсы қасиеттерді дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Осындай үлкен жауапкершілікті мойнына алып, оқушыларды үлкен өмірге даярлайтын, оқушыларының әрбір жетістіктеріне бірге қуанып, алға жетелейтін де ұлағатты ұстаздар.
Ахметбек: Қалай жақсы айттың. Мүмкін онда «Ұстаздық еткен жалықпас» деген тақырыпта шығармалар сайысын ұйымдастырып, әркім өзінің сүйікті мұғілімі туралы жазса, кейін ең жақсыларын ұстаздарымызға оқып берсек?
Саяжан: Жақсы идея, солай істейік. Мен хабарландыру жазумен айналысайын.