Біз Алматы қаласында тұрамыз. Алматы өте әдемі қала.Ол таудың етегінде орналасқан.Терезеден қарасаң Алатау тауы көрініп тұрады. Алматы – ірі ғылым, мәдениет және білім орталығы.Қалада көптеген оқу орындары бар.Жыл сайын Алматыда мәдени шаралар,концерттер өтіп тұрады. Мен Алматыда тұратынымды мақтан етемін.