Актобе өңірі . Хромтау ауданында ойсылкари кесенесі бар . Этнографиялык тарихи ескерткіш ретінде республикалық тізімге енген . Аспан астындағы құнды жәдігер . Бірақ мұны жергілікті халықтың бірі білсе , бірі білмейді . Ойсылқара - өркешті жануар пірі екенін Құмсай ауылының оқушылары тек кітаптан екен еді . Енді жазғы демалыстарын тарихи орында өткізіп , оның қорымын козбен көрді . Аныз астарында акикат бар . Есет осы уақытқа дейін Ойсылқараны қиялдан туған кейіпкер деп ойлаған . Енді оның өзі туған өлкеге табаны тиген адам екенін білді . Танымын кеңейтіп , тарихи әңгімелерді таңдана тыңдалы . Есет Жакыбай , оқушы : - Көне дәуірдегі жазуларды окыгым келіп , ынтам туды және аз уақыттың ішінде тарихы не археолог болам деген де ойлар туды . Былайша айтканда , тарихи жерге келуімнің арқасында тарихқа деген қызығушылығын оянды . VI гасырда бұл жерге Ойсылқараның түйесі шөгіп , кейін тасқа айналған . Қорымы да осы жерде . Аңызға арқау болған тас обаларды археолог Серік Әжіғали бастаған топ зерттеп , тіркеуге алды . Хромтау өңірінде бұдан өзге оннан аса ашық ескерткіші аспан астында тұр . Мөлдір Нұржанова , лагерь жетекшісі : - Мектеп бағдарламасы аясында гана тоқтап қалмай , өзіміздің туған жерімізді әрі қарай зерттеп , тарихи жерлерге келу әлі де жоспарда бар . Хромтау жерінде этнографиялык - тарихи ескерткіштер кезең - кезеңімен зерттеліп жатыр . Қола дәуіріндегі қорымдар мен перм , карбон дәуірлеріндегі жер қыртыстары сақталған « Айдарлы аша » да шетел тарихшыларының таңдайын қақтырған . мәтін мазмұнына қатысты мақал-мәтел
ответ:А
Объяснение:дұрыс