Ахмет Байтұрсынұлы1873 жылы Торғай уезіне қарасты Тосын болысының 5-ауылында-Сарытүбек деген жерде дүниеге келген.Ахметтің әкесі қарапайым шаруа адамы Байтұрсын Шошақов-арғын Үмбетей батырдың немересі.Байтұрсын жергілікті әкімдермен көп сыйыса бермегендіктен оны Сібірге каторгіге кеседі. Бұл кезде Ахмет 13 жаста болатын. Осыдан 23 жыл кейін өзі ержетіп патша түзіміне қарсы пікірлер айтқаны үшін 1909 жылы Семей түрмесіне отырады.