Ада 3-тапсырма. Мәтінге синтаксистік-кешенді талдау жасаңдар. Семантикалық картаны толтырыңдар. талып қапты. Ат суытып алайын деп, жусаны мен жапағы қалың көлдеу Қарай-қарай көзі де бұлдырап кетіпті. Итеңдей-итеңдей белі ойдың ортасындағы төмпектің қасына кеп тоқтады. Атын тұсап, отка жіберді. Сосын төңірегіне қарады. Ұрының жүзіндей жымпиып жаткан кең алқап. Ойына бірдеңе түсіргендей иегін қасыды. «Қап, мынау ойға бекер тоқтаған екенмін, анау қара жалға көтеріліп кідірсемші», - деп өкінді. Сосын әлгі отырған жерінен жел жаққа қарай қырық қадам ұзар, шалқасынан түсіп жата кетсін... Көз алдына тағы да тайқазан ет пен мөлтеңдеген сірке сорпаның тұра қалғаны. Қапелімде, жер түбінен түйдек-түйдек көрінген қою шаңды да аңдай қоймапты... Әбіш Кекілбаев Пысықтауыш Мәтін сөйлемдері Анықтауыш Толықтауыш дәм 50+
Заттай байлықтың құны өршіп тұрған бұл кезеңде руханият аяқ асты қалмауға тиіс. Адам тек тәнімен ғана адам болып тұрмағанын жақсы сезінуіміз – бүгінгі күннің өткір мәселесі. Біз рухымыз биік болғанда ғана Адам деген асыл есімге кір жуытпай қала аламыз. Діні мен Ділі берік ел – алынбас қамал. Ал оның болашағы жастардың қолында. Сондықтан басқа елдердің өркениеттік жетістігі деп бағаланған арзанқол мәдениет үлгісі ата салт-дәстүріміздің тұнығын лайлатпасын десек, жастарымызға, әсіресе қыздарымызға дұрыс тәрбие беру – бәріміздің ортақ парызымыз. Өйткені кім-кімде болашақ әке, аға, әпке немесе ана.
Қай ұлттың әйел затына бөлетін орнын қазақ қоғамында бөлінген орнымен салыстыруға келмейді. Қыз баланы кішкентайынан төрге шығарып отырған қазақ оның болашақтағы Ел анасы боларына кәміл сенген. Қазақ қыздары даланың ерке елігіндей бұлаңдап өскен