Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмтылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт қалатын шығар. Мектеп-білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде он бір жыл уақытты әр бала өткізеді. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, он бір жыл бойы білім алып, таудай болып шығамыз. Алғашқыда мектепке келіп әрбір әріпті, әрбір санды жазып үйрену қалай қиынға соққан еді? Уақыт өте бәрі өзгерді. Жазуды да, оқуды білмейтін кішкентай балалар бүгін міне, мектеп бітіру туралы атестатты қолдарына ұстап, үлкен өмірге жолдама алды. «Қашан ғана осы мектепті бітіремін» деп ойлайтын кездер көп болып еді. Қазір сол мектепті бітіріп шыққаныма өзім сене алмаймын.
Астана ең алғаш ел ордасы болған кезде оның жағдайы нашар болған еді. Астана қазір өте қарқынды дамып келеді. Астанаға барған адамдар 2-3 жылдар өте барса, танымай да қалады. Көркем де, ғажайып сұлулығы көз тартар зәулім үйлер өте көп. Концерт залдары, Және қазір өте үлкен опера және балет театры салынуда. Біз Ел- басымызға көп алғыс айтуымыз керек. Астана күн сайын өзуде десек те болады. Ол сондай ғажайы қала. Болашақ қаласы да деп айтса болады. Және тағы көптеген ғимараттар көзді ашып жұмғанша жайын болуда. Тағы айта кетер жайт- "Экспо -2017" ол да, Ел ордасы Асанамызда салынбақшы! Астана, барлығымыздың саған айтарымыз "Көркейе бер!" Астана арман қала.