В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия

Абайдың жастарды оқу білімге шақыру қазіргі замандағы өзекті ме жастарды жас ерекшеліктеріне қарай бөліп қарастырып көрейік. 14 – 17 жастағы жас өспірім мектеп жасындағы оқушылар. Олар қалай оқып, не істеп жүр, бос уақыттарын қайтып өткізуде? Өкінішке орай, Абайдың «Артық білім кітапта», - дегініндей, көпшілігі кітапханаларда емес, интернет клубтарда, спорт кешендерінде емес, ойық-сауық орталықтарында т.б. жүргенін көреміз. Бұл жерде кінәлі кім деген заңды сұрақ туары даусыз. Сөзіміз дәлелді болу үшін, қазақтың мағдайына біткен біртуар данышпан ұлы ақын Абай атамыздың отыз сегізінші сөзінінен үзінді келтірелік:

«Әуелі адамның адамдығы ақыл, ғылым деген нәрселерменен. Мұның табылмақтығына себептер - әуелі хауас сәлим һәм тән саулық. Бұлар туысынан болады, қалмыс өзгелерінің бәрі жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Талап, ұғым махаббаттан шығады. Ғылым-білімге махаббаттандырмақ әлгі айтылған үшеуінен болады. Ғылым-білімді әуелі бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпенен яки алдауменен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша. Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады. Сонан соң ғана алла тағаланы танымақтық, өзін танымақтық, дүниені танымақтық, өз адамдығын бұзбай ғана жәліб мәнфағат дәфғы мұзарратларны айырмақлық секілді ғылым-білімді үйренсе, білер деп үміт қылмаққа болады. Болмаса жоқ, ең болмаса шала. Оның үшін көбінесе балаларды жасында ата-аналары қиянатшылыққа салындырып алады, соңынан моллаға берген болады, я ол балалары өздері барған болады - ешбір бәһра болмайды».Яғни, тікелей әсер ететін ата-ана, одан қала берді білімі мен тәрбиесі қатар жүретін ұстаздардың әсері болатынын түсіндік.

Енді Абай осы қара сөзін өз өмір тәжірибесінен алғанын көреміз. Олай дейтініміз, сегіз жасында Абай ауыл молдасы Ғабитханнан үш жылдай оқып, мұсылманша сауат ашады. Он бір жасында оны әкесі Семей қаласында Ғабдул Жаппар деген татар молдасына беріп, көп ұзамай одан шығарып, Ахмет Риза медресесінде Қамариддин атты ұстазға үш жыл оқуға береді. Содан он бес жасқа келгенде әкесі Құнанбай Абайды үйлендіріп, он алты жасында әке атанып, жиырма бір жасында болыс болған. Буыны қатпаған Абайды әкесі Құнанбай ең алғаш мұсылманша сауат ашу үшін оқуға бергендігі, оның тәрбиенің басы – имандылықта екенін анық білген.

Қазіргінің жастары төл тарихымызды, әдебиетімізді білмейді, білейін деген ниеті де жоқ, не білейін деп те оқымайды, оқыса түсініп парқына жетпейді, түсінгеннің өзінде бойына сіңіріп, аталарындай болмаса да ұқсап бағу жоқ.

Қара басынан ұлт мүддесін жоғары қойған халқымыздың біртуар перзенті Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақ» газетінде: «Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі... Қазақ ішіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде, оқу ісімен түзеледі.

Балам деген жұрты болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын. Баланы ұлша тәрбиелесең, ұл болмақшы. Құлша тәрбиелесең, құл болмақшы. Мойындағы борышты білу – білім ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі.

Бір нәрсені істегенде, сол істі істей білетін адам істесе, шапшаң да, жақсы да істейді. Бұл жалғыз қол ісі емес. Ми ісінде де солай...

Бұл күндегі үлкендердің көбі біздің жаңалық ісімізді жатырқап, жаңалық пікірімізді түсінбей, айтқанымызды тыңдамай, істегенімізге қосылмай отыр. Олар өтіп, кейінгі жастардың да заманы жетер. Жаңалыққа жастар мойнын бұрып, қайырылар, қалық түзелуінің үміті – жастарда. Сондықтан жастардың қалай оқып, қалай тәрбиеленуі – бәрінен бұрын ескіріп, бәрінен жоғары қойылатын жұмыс».

Тоқсан ауыз сөзіміздің, тобықтай түйінін Абай айтпақшы, «Көп сөйлеп созбайын, әдептен озбайын» дей отырып, Қасиетті Құранымызда «Білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар» деп айтылғандай, жоғарыдағы айтылған ұлт болашағы үшін жанын пида еткен жандардың өсиет сөздерін оқып, өмірімізге жолбасшы етуіміз қажет. Ел болашағы – жастар болса, ел, жұрт болып тәрбиеге шынайы көңіл бөлейік. Жастарымыздың тәрбие мен білімнен қалыс қалғаны имандылықтың алыс болғаны, Абай мен жастардың арасында байланыстың үзілгендігі, оқымағындығы. Егер жастарымыз үшін ұлттық құндылықтар, яғни төл дәстүрлі дініміз, тіліміз, әдебиетіміз, тарихымыз, мәдениетіміз, салт-дәстүріміз ескінің қалдығы болса, онда...

Атымды адам қойған соң,

Қайтып надан болайын?

Халқым надан болған соң,

Қайдан барып оңайын? – ның кейпін киіп қалмайық, ағайын...

Показать ответ
Ответ:
nail18121
nail18121
21.01.2021 22:12

Объяснение:

33мкиетньгь64рм4

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота