Интернеттің пайдасы да бар, зияны да бар.Интернеттің пайдасы зор.Интернетсіз адам өмірін елестету қиын. Интернет -бұл ғаламдық тор.Интернеттен керек нәрсеңді табасын,Оқушылар ,студенттер интернеттен шығарма ,мақал-мәтелдер алады Интернет арқылы ,тест тапсырып ,интернет арқылы сабақ алуға болады.Интернет арқылы жұмыс істеп сол арқылы ақша да табуға болады.Интернет арқылы туыстарыңмен ,достарыңмен хат алысып, сөйлесуге болады.Яғни интернеттің пайдасы зор.Ал енді интернеттің зияны туралы айтсақ.Интернеттің зияны да бар.Біріншіден интернет денсаулыққа зиян келтіреді.Компьютердің алдында көп отырса ,адамның көзі аурады,,және қимыл-қозғалысына ,психологиясына әсер етеді.Сондықтан интернетте көп отыруға болмайды.Күніне екі сағат интернетте отыруға болады.
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде көңіл бөледі.