Абай ауылына жеткенше асықты деді бір үлкен әйел Анау — Абай , Абай ғой , айналайын - ай ! Апасына айтайыншы , Бәсе , Телғара ғой ... Жаным - ау , мынау ... — Телғара ! — деді жас Әйел . -н сөзд Абайдың келген хабарын естіп , анасы — Ұлжан мен әжесі — Зере сыртқа шықты . Зеренің ең жақсы көретін немересі – Абай еді . Оның тілеуін тілеп отыратын . Абай аттан түсті . Ол көп ішінен , ең алдымен , өз шешесін көрді . Соған қарай жүре беріп еді , шешесі : Шырағым , балам , ар жағыңда әкең тұр ... Сәлем бер ! — деді . Абай әкесіне қарай тез бұрылды . Әкесіне қол беріп амандасты . Әкесі : - Балам , бойың өсіп , ержетіп қалыпсың ! Бойыңдай болып білімің де өсті ме ? – деді . Ұялғанды , жауап айтпағанды кешірмейтін әке мінезі Абайға бел гілі . Ол сабырмен : — Шүкір , әке , Қазіреттің рұқсатын , фатиқасын алып қайттым , — деді . Құнанбай : — Бар , енді шешелерің жаққа бар , амандас , балам ! — деді. Найдите Көптік мәнді есемдер
Патша үкіметінің отаршылық саясаты мен парақор орыс әкімдерінің жергілікті би - болыстардың арамза әрекеттерін айнытпай танып, көкірегінде жиркеніш сезімі оянып, соларға қарсы күресуге бел буды, “ елге пайдалы, адамгершілігі бар, әділ басшы болсам ғана жақсы адам боламын” деген тұжырымға бекіді. Осы мақсатпен болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады да, 1876 - 1978 ж. Қоңыр - Көкше еліне болыс боладі. Бұл жылдары Абай өз қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразасын тең ұстауға күш салды. Әлсізге зорлық көрсеткендерді, ұрлық жасағандарды қатты жазаға тартып, халық қамқорына айналды. Оның ел басқарудағы бұл бағыты халықты қалауынша езіп - жаншып жүрген шонжарлар тарапынан қатты қарсылыққа ұшырады, үстінен оязға жалган арыз айтушылар көбейді. Соның бірі Үзікбай Бөрібаевтың “Таймақкөл деген жерімді тартып алды ” деген жалған арызы бойынша көтерілген іс 10 жыл сүргінге созылып, ақыры Е. П. Михаэлистің көмегімен аяқсыз қалды. П. В. Маковецкий бұл істі 1884 ж. 27 тамызда жалған жала деп тауып, қысқартып тастады. Ақын үстінен жазылған “Абай барымта алды, ауыл шайып әйел қорлады” деген бір топ шонжар дұшпандарының арызы да нәтіжесіз қалды.