Аңыз қала Керегесі күмістей, Саябағы пүліштей. Жолы сымдай тартылған, Шаңырағы алтыннан. Керуен-керуен кебеже, Астанама тоқташы. Еуропаға терезе, Азияның қақпасы. Үкі таққан қала бұл Күннің алтын нұрынан. Жаратылған қала бұл Айдың асыл жырынан... Осыны кара созбен жазу
Өмірде ешбір нәрсе бекерден бекер болған емес. Әрбір заттың өз орны бар. Олай болса барлық заттың да сұрауы бар. Міне, адам өміріне ең қажет заттардың бірі - су. Сондықтан судың сұрауы болмауы мүмкін емес, судың да сұрауы бар. Су барлық тіршіліктің көзі. Сусыз өмір жоқ.
Ешбір тіршілік иелері сусыз өмір сүре алмайды. Аштыққа шыдағанмен адам шөлге шыдай алмайды. Өсімдіктерде, жан-жануарларда суға мұқтаж. Суды ластамай, қастерлеп тұтыну керек. Суды босқа ысырап етпейік. Судың сұрауы бар екенін естен шығармайық.
Құстар
Құстар өзгеше болып жаратылған құбылыс иесі. Бейне біздің аспан Әлеміндегі қорғаушымыз сияқты. Сияқты емес солай да. Себебі көк аспан олардың туған мекені. Көкті құссыз, құсты көксіз елестету қиын. Біздің көгімізде құстар сайрап жүрсе, жердегі адамдар да тыныш, бейбіт өмір сүре алады. Біз көкке қарағанда көзіміз ең әуелі ұшқан құсқа түседі. Көп жағдайда күйкі тірлікпен олардың тыныс - тіршілігіне мән беріп, тіпті көкке көз тастап, бір де қарамаймыз. Ал, олардың көкте ұшқанын, жерге қонғанын зер салып, бақылап қарайтын болсаң, олар бейне бір жұмбақ құбылыс сияқты. Ешнәрсені ашып айта алмайды. Қуанышы да, реніші де ішінде сияқты. Бір құдіретті күшің болып, құстардың тілін меңгеріп алсаң, яғни құстардың тілін түсінер болсаң, тіпті басқаша әлемде өмір сүрген болар ма едік. Өзім солай ойлаймын, себебі, құс киелі жануар.