A Mаrінге сай дұрыс ақпаратты табыңдар Дұрыс Акараттар N Бүр 1 Мешіт жұмысы 36 мың алтын теңгеге бағаланған. 2 Күрылыс ағаштарын жинап, тасуга үш жыл уақыт кеткен. 3 Жаркент мешіті Тянь-Шань шыршаларынан салынған. 4 Мешіт құрылысының ерекшелігі - арнайы шегелердің гана қолданылуында. 5 Қытай мемлекеті Хон Пості басқаларға сәулет өнерінің купнасын жария еткені үшін жазалайды.
Туған жер... Осынау бір өзіңді еліктіріп әкетерлік сөздің мағынасы қандай тереңде жатыр десеңізші, шіркін... Дүниеге шыр етіп келген сәттен ата-анаң жүрегіңнен ойып тұрып орын алатын болса, ес жиып, былдырлап тілің шыққан кезде жаныңа жақыны – туған жер. «Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас» деген халық даналығы осы тұста тауып айтылғандай. Әлемнің қай түкпірінде жүрсеңіз де, кіндік қаның тамған жердің ауасы ерекше, желінің лебі ыстық емес пе?! Отанға деген сүйіспеншілік әрбіреуімізді үлкен істерді атқаруға, биік шыңдарды бағындыруға жетелейді. Бойыңды кернеген қажымас қайрат пен кең көңіл қиындыққа мойымай, өз жолыңды табуда басты қызмет атқарады. Туған жеріңнің өркендеуі мен дамуына, гүлденуіне бала күннен титтей болсын үлес қосу – біздер үшін үлкен нәтиже.Табиғаты құпияға толы, қызығы мен қиындығы қатар жүретін өмір атты толқында әрбіреуіміз күн кешудеміз. Бірі бақытты сәтті басынан өткізсе, кейбіреуі қиындыққа тайсалмай төтеп беруде. Әрбір өткен санаулы күніңнің минуты мен секунды бағалы екенін санамыздан шығармауымыз тиіс.
Объяснение: