А) Мәтінді оқыңдар. Перифраздың түрлі тәсілдерін қолдана отырып сұрақтар құрастырыңдар.
Қазақстан Еуразия материгінің орталығында орналасқан, оның
жер көлемі – 2 миллион 715 мың шаршы шақырым. Қазақстанның
батысында Каспий теңізінен, шығысында Алтай тауларына дейін
2925 шақырым. Осыған байланысты Қазақстанның табиғат жағдайлары
да әртүрлі.
Қазақстан жерінде алуан түрлі жануарлар мен өсімдіктер әлемі кездеседі. Мұнда омыртқалы жануарлардың 835 түрі бар. Соның ішінде сүтқоректілердің 178,құстың 500-ге жуық, бауырымен жорғалаушылардың 49, қосмекенділердің 12, балықтың 104 түрі тіршілік етеді. Атап айтқанда, кез келген адамға таныс аю, қасқыр, түлкі, қоян, кірпі, үйрек, тырна, қаз, аққу, бүркіт, улы сұр жылан, бақа, алабұғы, шортан және тағы басқалар кездеседі.
Қазіргі жануарлар дүниесі. Таралуы жағынан олардың мекендері бірнеше зоогеографиялық ауданға бөлінеді
Интонация(лат. іntono)[1] – сөйлемдерді, олардың бөлшектерін сазына келтіріп сөйлеудің ырғақты әуені. Интонация — сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді айтудағы дауыс мәнері, дауыс ырғағы, сөйлеудің ритм-мелодикалык бейнесі. Интонация — төмендегідей компоненттердің бірлігінен тұратын күрделі құбылыс:
Мелодия
Ритм
Темп
Қарқындылық
Тембр
Фразадағы сөздер мен сөз тіркестерін бөліп айтуға қызмет ететін логикалық және тіркес екпіні.
Интонация — ауызша сөйлеудің маңызды элементі, ол жазуда тыныс белгілерімен және арнайы графикалыкамалдармен (мәтінді абзацтарға бөлу т. б.) беріледі.