А мәтіні Жасың бар, жігіт-желең, шалдарың бар.
Ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар.
Жол ұзақ, биік асу, сапар алыс,
Жаз өтер, күз де кетер, тақалар қыс.
Қамданыңдар Болашақ деген елге,
Қандай біз сый-сияпат апарамыз?
Қорқауды, өсекшілді қатарға алма,
Кеселін тигізеді сапарға алда.
He бетімізді айтамыз Болашаққа?
Жат қылықты қалдырмай апарғанда
Жамандық атаулыны қалдырыңдар,
Суға батыр, отқа өрте, жандырыңдар.
Болашақ деп аталған өлмес-өшпес,
Жақсылықтан жаралған тағдырың бар.
Қыз-қырқын, жігіт-желең, шалдарың бар,
Ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар!
М. Мақатаев
Ә мәтіні
«Халықаралық бағдаршам күні» 1914 жылғы тамыз айының 5-і күні орын алған оқиғаға байланысты тойланады. Бұл күні Американың Кливленд қаласында алғашқы заманауи бағдаршамның тұңғыш түпнұсқасы шыққан болатын.
Алайда ең алғашқы бағдаршамды британдық Джей Найт есімді азамат XIX ғасырда ойлап тапты. Ол тек екі түсті шамнан тұрды. Ал ол бір түстен екіншіге ауысқанда дыбыс шығаратын болған. Бұл құрылғы тұңғыш рет 1889 жылы Лондон парламенті орналасқан көшеге қойылды. Кейін үш жыл өткен соң, бағдаршамның жарық шамы жарылып, абайсызда жақын тұрған полиция сақшысын зақымдаған көрінеді. Содан бағдаршам 50 жыл бойы ұмыт қалған.
1910 жылы алғашқы екі түсті автоматтандырылған бағдаршам патенттеліп, қолданысқа берілді. Ал күнделікті күнде көріп жүрген үш түсті бағдаршамыңыз алғаш рет Нью-Йорк қаласында 1914 жылы пайда болды. Жылдар өте бұл аппарат тиімділігін көрсетіп, Америка және Еуропа мемлекеттерінде кеңінен қолданыла бастаған.
3.1. Берілген кестені толтыр.
А мәтіні
Ә мәтіні
Стилі, себебі ...
[2]
Жанры, себебі ...
[2]
Ұқсастығы
[1]
Айырмашылығы
[1]
Сұрақтарға жауап жаз.
4.1. Көшпенділер деген кім? Неге оларды көшпенді деп атаған? [1]
4.2. Көшпенділердің мәдениеті қандай болған? [1]
4.3. Ілияс Есенберлин кім? Қандай шығармаларымен танымал? [1]
4.4. І. Есенберлиннің «Көшпенділер» шығармасындағы көшпенді тұрмыстың көрінісі қандай? [1]