В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
akknastenka19
akknastenka19
02.09.2021 00:01 •  Қазақ тiлi

А мәтін Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» деп, табиғаттың тілсіздігі үшін қынжыламыз. Жоқ, табиғаттың да тілі бар. Оны да адамзат қолдан жасады. Ол– Қызыл кітап...

Бізге Қызыл кітаптың неге дәл солай аталғаны қызық болып тұр. Неге дәл қызыл түс? Халықаралық Табиғатты Қорғау Одағы 1948 жылы кеудесінде жаны бар тіршілікті қорғауды қолға алды. Бір жылдан соң, сирек кездесетін түрлерді қорғайтын комиссия құрылды. Комиссияның қызметі жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған өсімдіктер мен жануарларды зерттеп, зерделеп, қорғауға алу еді және оларды бір кітапқа топтастыру болатын. Комиссия төрағасы Питер Скотт адамдардың қып-қызыл түске назар салып, сәл де болса ойлануы үшін тізімді «Қызыл кітап» деп атауды ұсынды. Ең алғашқы Қызыл кітап 1963 жылы жарық көрді. Бұл адамзаттың табиғатты қорғау үшін жасаған алғашқы қадамдарының бірі болатын.

Қызыл түс әу бастан қауіптің белгісі. «Қызыл кітап» өмірлері қыл үстінде тұрған тіршілік иелерінің төлқұжаты іспетті.

 

«Қызыл кітапқа» енген тіршілік түрлері жойылып бара жатқан түр, сирек кездесетін түр, қысқартылып бара жатқан түр, анықталмаған түр, қайтып қалпына келе жатқан түр деп бөлінеді. «Қызыл кітаптың» ішінде «Қара кітап» бар немесе қара тізім десек те болады. Жер бетінен мүлде құрып, жойылып кеткен тіршілік иелері осы кітапта хатталып қалған.

 

 

Ә мәтіні

Ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаның ластануы

Қазақстан минералдық ресурстарға бай. Қазақстан дүниежүзі елінің ішінде вольфрам, қорғасын, барийдің және басқа да пайдалы қазба байлықтарының қоры бойынша алдыңғы қатарларда.

Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бірі, уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан.

Енді энергетика өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін қарастыратын болсақ, оның зиянды әсері отынды жер қойнауынан шығарғаннан бастап, электр энергиясына айналдырған және тұтынушыларға берген кезеңдердің бәрінде орын алады екен.

Ластаушы компоненттердің түрі мен мөлшері қолданылған отынның табиғатына, химиялық құрамына және жағу технологиясына байланысты.

Қатты отынды жаққанда күл, ыс, күкірт пен көміртек оксидтері, шаң бөлінеді. Сұйық отынды (мұнай мен оның өнделген өнімдерін) қолданғанда, ауаға күкірт пен көміртектің қосылыстары бөлінеді. Ал газды (отынды табиғи мен сұйытылған газ) жаққанда, қоршаған орта тек азот оксидімен ластанады. Отынның химиялық құрамында қандай элементтердің қосылыстары болса, жаққанда солардың оксидтері мен басқа да қосылыстары қоршаған ортаға таралады. Отын жаққанда табиғи ортаның ластануын азайту үшін шаң-газ ұстайтын қондырғыларды (сүзгіштерді) қолданған орынды. Осындай қондырғылар зиянды заттарды ауаға жібермеуге мүмкіндік туғызады.
Перифразаның тәсілдерін қолдана отырып әр мәтіннің мазмұны бойынша кем дегенде екі сұрақтан құрастырыңыз?​

Показать ответ
Ответ:
samolutchenckova
samolutchenckova
14.04.2021 10:33

aвтор таптынба тапсан бере аласынба отиниш

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота