А) Күндердің күнінде баласын жетектеген әке ғалымға келіп: –Сіз туралы халықтың арасында жақсы сөздер айтылып жүр. Бұған қоса сіз өмірлік көптеген сұрақтарға жауап береді екенсіз. Ендеше, мына менің балама мына өмірдегі уақыттың маңыздылығын түсіндіріп бересіз бе?Расын айтар болсам, уақыттың қадірін білу – маған да аса қажет дүние, — дейді. Ғалым біршама ойланып былай дейді: –Уақыт деген – абстрактілі дүние. Оның маңыздылығын түсіну қиын, бірақ, бұл мүлде болмайды деген сөз емес. Оны түсіну үшін бізге мына 7 адам көмектеседі – студент, ана, газет редакторы, ғашық болған адам, жұмысқа пойызбен баратын адам, көлік жүргізушісі және спортшы. Мұны естіген әке мен бала бір-біріне қарап, түсінбеген сыңай танытады. Сонда ғалым сөзін жалғастырып: –Бір жыл уақыттың қадірін білгіңіз келсе, жазғы емтиханнан өте алмай қалған студентпен сөйлесіңіз. Бір ай уақыттың қадірін білгіңіз келсе, Е) Олимпиада ойындарында жүгіру жарысында алтынға қолы жетпей күміс алқа алып қалған спортсменмен сөйлесіңіз. Сондықтан, мына қағазды үйдің кіреберіс тұсына іліп қойыңыздар. Бұл сіздерге уақыттың қадірін ұмыттырмайды, — деген екен. Қағаздағы жазу: «Өміріңіздің әрбір секунды алтынмен тең. Кешегі күн – тарих, ертеңгі күн – бұлыңғыр, бүгінгі күн – баға жетпес сыйлық».
В)уақытынан бұрын 8 айда босанып қойған анамен сөйлесіп көріңіз. Бір апта уақыттың қадірін білгіңіз келсе,
С)әр аптада газет басып шығаратын редактормен сөйлесіңіз. Бір сағат уақыттың қадірін білгіңіз келсе, кездесу сәтін күтіп тұрған ғашықтармен сөйлесіңіз. Бір минут уақыттың қадірін білгіңіз келсе жұмысқа асығып тұрып, пойыздан қалып қойған жолаушымен сөйлесіп көріңіз. Бір секунд уақыттың қадірін білгіңіз келсе,
D)жаңа ғана жол апатына түспей қалған көлік жүргізушісімен сөйлесіңіз. Миллисекунд уақыттың қадірін білгіңіз келсе,
Жалғас АСХАТҰЛЫ
1-мәтінге байланысты тест тапсырмалары
2)Мәтінге лайық тақырыпты таңдаңыз:
А)Әке мен бала
В)Уақыттың қадірі
С)Алтын сыйлық
D)Ертеңгі күн баға жетпес сыйлық
Е)Уақыт-тарих
3)Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.
А)Бір апта уақыттың қадірін кімнен сұрау керек?
В)Ғалым кімге келді?
С)Жазғы емтиханнан өте алмай қалған студент не істейді?
D)Кездесу сәтін күтіп тұрған ғашықтармен кім сөйлесті?
Е)Әр аптада газет басып шығаратын редактор не айтады?
4)Мәтінге қатысы жоқ тұжырымды табыңыз.
А)Адамның тыныс-тіршілігі ешқашан уақыттан тыс болуы мүмкін емес.
В)Күндер жүріп өтеді, айлар жүгіріп өтеді, жылдар ұшып өтеді
С) Минут ұрыс тағдырын шешеді. Сағат шайқас тағдырын шешеді. Күн бүкіл мемлекет тағдырын шешеді.
D) Уақыт ұшқыр болғандықтан ол әрқашан санаулы, есептеулі.
Е) Бұл өндірістің ашылу уақытын ешкім білмейді екен.
5) Ғалым өмірдегі уақыттың маңыздылығын қалай түсіндірді?
А)өзінің бастан кешкен жағдаяттарын айтты
В)өмірде кездесетін жағдаяттардан мысал келтірді.
С)түрлі мамандық иелерінің бастан кешкенін айтты
D)осы сұрақтың жауабын спортсменнен сұрауды ұсынды
Е) «Ертеңгі күн – бұлыңғыр» - деп, қатты ойлануларыне өтінді.
Барыс септігі отвечает на вопросы кімге? (кому?), неге? (чему?), қайда? (куда?).
Слова в барыс септік обозначают направление предмета к кому или чему-нибудь. Например: университет-ке (в университет), жұмыс-қа (на работу), үйі-ңе (домой).
Барыс септігі образуется при окончаний -ға/-ге, -қа/-ке, -на/-не, -а/-е.
Послелоги дейін (шейін), қарай, бола употребляются только в сочетании с существительными дательного падежа.