Әжелеріміз – тәлім – тәрбиенің бастауы, бізге үлгі – өнеге көрсетер асыл жандар, қазыналы бұлақтың қайнар көзі ғой. Жанұяда бала тәрбиелеуде алатын орны ерекше – осы мейірімді әжелеріміз. Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі. Шоқан Уәлихановтың Айғаным әжесі, Абай атамыздың Зере, Мұхтар Әуезовтың Дінасыл әжелері қазыналы бұлақтың көзі болған әжелер.
Мен өзім бірінші сыныпқа дейін әжемнің тәрбиесінде болғанмын. Тұңғыш немере атасы мен әжесіне бауырына салынатын салт – дәстүр бар ғой, міне, сол дәстүр бойынша ата – анам мені атам мен әжемнің тәрбиесіне беріпті. Үлкен кісілер айтып жатады ғой, әжесінің тәрбиесін көрген бала жаман болмайды деп. Өз басым, бұл өте жақсы дәстүр деп есептеймін. Қарт кісілер таусылмас қазына ғой, жас ұрпақтың ол кісілерден үйренері мол. Демалыс уақытында ауылға ұзақ уақыт бойы бармай қалсақ, әжемнің ыстық бауырсақтары мен «айналайын» деп маңдайымнан сипағанын сағынып отырамын. Үнемі ол кісілерге көмектесіп тұрамыз. Ал әжем болса әрдайым «Қолыңнан келген көмегіңді аяма» деп үйретіп отырады.
Ал әжемнің айтатын ертегілері мүлдем ерекше! Кішкене кезімнен күнде кешкісін "Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде ..." деп жаңа ертегісін бастайды. Әжемді ерекше қатты жақсы көремін!
.5 Құқықтық бұзушылықтың басқа түрлері үшін жауапкершілік Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің кейбір ерекшеліктері ақшалай міндеттемені орындамағаны үшін жауапкершілікпен сипатталады. Бұл жауапкершілік борышқор ақша сомасы проценттік құқыққа сыйымсыз пайдаланған кезде туындайды. Басқаберудің ақшалай қаражатын құқыққа сыйымсыз пайдалану үшін әр түрлі себептер болуы мүмкін: борышқордың ақша сомасын қайтару мерзімі келген кезді өткізіп жіберу; ақша қаражатын басқа біреудің есебінен пайдалану немесе сақтау. Процент мөлшері несие берушінің тұрғылықты жеріндегі ақшалай міндеттемені орындалатын күнгі банкілік проценттің есеп ставкасымен беріледі. Сот тәртібінде қарызды өндіру кезінде сот несие берушінің талабын қанағаттандыра отырып, талап қойған күнгі немесе шешім шыққан күнгі процент мөлшерін қолдану мүмкін. Бұл ереже егер заңмен немесе шартпен проценттің басқа мөлшері белгіленбеген кезде қолданылады. Азаматтық кодекстің 353-бабында ақшалай қаражатын заңсыз пайдаланғандық үшін жауапкершілік көзделген. 1,Ата заң - мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айналды. Өткен 16 жылдан бері мемлекет пен қоғамның дамуындағы өзгерістер - демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнығу талпыныстарының бәрі - Ата заң қағидалары негізінде жүзеге асырылып келеді.
Асыл әжем.