9-тапсырма. Мәтіндегі ақпараттарды пайдалана отырып немесе өз өмірлерің- дегі оқиғаларды ескере отырып, талғау мәнді сөйлем құраңдар. Сөйлемнің жай
немесе құрмалас екенін дәлелдеңдер.
Үлгі: Жастар бақытты отбасы болу дегенді жақсы тұрғын үйлі
болу немесе табысты болу деп түсінеді.
Сандық технология – табысты болашақтың кілті. Жаңа технологияға бай мемлекет дүниежүзі бойынша көш бастап тұрады. Қазақстан осы санаттағы 30 озық елдің қатарына қосылуына мүмкіндік алды. Бұл бастаманы ұзақ жылдар бойы Еуропада жұмыс істеп, ақылды қала жобасын дамытуда француз компаниясында табысты қызмет атқарған маман Айжамал Сартбаева да қолдайды. Ол инновациялық технологияларды қолданысқа енгізуде көп жетістікке жеткен. Оған Астана қаласының дамуына арналған 3D моделін құру бойынша ірі жобаға қатысып, жоғары нәтиже көрсеткені дәлел. Маман сандық технологияны күнделікті қолданысқа енгізу, өмір сүру сапасын жақсартады, дейді. Сондай-ақ, ол өз сөзінде Елбасының жолдауында да осы пікірге басымдық берілгенін атап өтті.
-Сәлем Жазира, Қалың қалай?Қандай жаңалықтар бар?
- Айдос сәлем, барлығы жақсы, өзің көргенде аман-есен сенімен сөйлесіп отырмын.Өзіңнің қал-жағдайың қалай?
- Барлығы жақсы, бүгін бізде Қазақ тілінен тіл туралы эссе жазып келсін деді,бірақ мен түсінбей отырмын
- Бізде кеше осы тақырып туралы өткен болатынбыз,егер қаласаң саған түсіндіріп берейін.
-Жақсы болар еді,ия
- Біздің ең бірінші бақытымыз ол тіл, қазақ тілі ұлттық тіл. Ата-бабадан келе жатқан мәдениет, тарих, Тәуелсіздік.Өнер алды- қызыл тіл бұл сөздің мағынасы еліміздің мемлекеттік тілі екендігін ұғындыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру. Оқушылардың өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, сөз өнеріне баулу.
Біздің тілімізден артық ешнәрсе жоқ,себебі бұл бізге берген сый.
- Жазира саған көп көп рахмет,енді осы айтқаның туралы ешқашан ұмытпаймын.
- Айдос менен әрқашан көмек сұрасаң болады,ал енді осы түсінгеніңді түйіндеп жаз
- Саубол,жарайды
-Саубол,кездескенше