9-тапсырма. Ұлылардың музыка туралы айтқан пікірлеріне сілтеме жа- сап, эссе жаз. Эсседе фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, эмоционалды сөздерді пайдалан. • Музыка жас азаматтардың ішкі дүниесін байытып, әр дәуірдегі қоғамдық өмірдің түрлі құбылыстарын дұрыс түсінуге көмектеседі (А. Жұбанов). • Музыка адам жанын жарқындатып, жалындатуға тиіс (Л. Бет- ховен). • Музыка тамшы сияқты, там-тұмдап жүрекке енеді де, жанды желпіндіреді (Р. Роллан). • Музыканы халық тудырады, ал біз, суреткерлер оны тек музыка- лық аспаптармен орындауға бейімдейміз (М.И. Глинка). Музыка... әрбір адамға өзін-өзі терең түсінуіне көмектеседі, ол адамның сезімі мен ойын байытады (Д.Д. Шостакович).
біз кез келген елдің музыкасына құдды бір ана тілімізде тыңдап отырғандай құмарта құлақ тосамыз. Ондағы тылсам күш жүрек түкпіріне терең бойлап, саз сиқырына қалай арбалып қалғаныңды сезбей қаласың. Музыка жан-дүниемізді өзге бір әлемге жетелеп, сезім пернелерін дәл басады. Әсем әуен ой-қиялымызға қанат бітіріп, көңіл сарайына нұрын төгеді. Осынау құдіретті музыка өнері туралы ұлылардың ой-пікірлеріне кезек берейік.