В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Polina212
Polina212
27.07.2022 17:27 •  Қазақ тiлi

9-тапсырма қазақ тілі 5 сынып Сөйлемдердің мағынасын жаз.
1)Еліктеуден солықтау жаман.
2)Əсіреқызыл тез оңар.
3)Ескегі əлсіз қайық ұзаққа бармайды.

Показать ответ
Ответ:
prohorowanyura
prohorowanyura
11.07.2022 14:38
Алматы – менің сүйікті қалам.    Кейде қауырт  тірліктен шаршап, тыныстағым келгенде балконға шығып кететінім бар. Күрең күзбен бірге құлазып қалған көңіл бір нәрсені қалайтын сияқты. Көзге  емес, көңілге тізгін беріп шоламын айналамды. Кәрі Алатаудың бауырында жатқан түнгі Алматы. Аспанға ұмтылған абат үйлердің  ар жағынан еңсесін еңкейтпеген Алатау менмұндалап қол бұлғайды. Күндіз де, түнде де тыншыматын ару Алматы  кәрі қамқоршысының қарауында.  Алматы – Алатаудың ару қызы. Түн құшағына еніп қарайып кететін Алматы жоқ. Мүлгіген қарт Алатаудың қойнында жатса да  түн баласы келгенде қайта түрленеді. «Өмірдің қиындығына төзе біл. Болашағыңды түрлендір!» деп сыр айтқысы келетін сияқты түнгі Алматы. Өз басым солай ұғамын.   Кейде түнгі шамдарын жаққанда ерекше құлпырады. Әсіресе көзге оттай басылатын ақ шамдары  аппақ арманға алып ұшатын ақ қанаттардай көрінеді. Айтпақшы, арман демекші, Алматы  біреуге – арман. Армандар орындалатын мекен. Жер бетіндегі жұмақ. Ақ тілегін алдынан ақтарып, Алматыдай алып қалаға әр ата-ана өз баласын талай аттандырған. Қашанда «тәбірік» болған сол дәстүр ешқашан толастаған емес. Тіпті қол жетпес айдай болса да,  болашағына «бал ашқандар» өз тағдырын дәу қаламен байланыстыратын. Кішкене шабаданын қолына ұстап,үлкен арман мен үміт жетелеп келген қаншама  жандар осы мекеннен бақытын тапты.    Мен осы қалада туып-өстім. Алматы менің – сүйікті қалам.Тротуарда тусам да қазақтың қадірін білетін жанмын. Біреулер «қалада қазақ болмайсың, қазақылық кеткен» деп жатады.Даланың төсінде еркелеп өскен ауыл балаларынан кем түспеймін. Себебі,қазақылық пен қарапайымдылықтың иісі қалада да бар. Тек оны көре алатын қырағы көз керек. Мен сүйікті қалам – Алматымен  мақтанамын, марқаямын.      Байқасаңыз әрқашан жан-жағын жан шуағына бөлеп,  сәуле шығаратын жақсы жандар болады ғой. Мен Алматыны соған ұқсатамын. Біреуге арман болған, біреуге бақыт  әкелген Алматы. Біреуді қолтығынан демеп, желеп-жебеп, арманын – асуларға, өзін қарапайымнан  асылдарға жеткізген Алматы. «Таланттар далада туып, қалада өледі» демекші, өнер мен білімнің, әдебиет пен мәдениеттің ошағына айналып, талай жастың көкірек көзін ашып, талантты тау тұлғаларды тәрбиелеген, алақанға салып әлдилеген – Алматы. Берекесі мен мерекесі, тірлігі мен бірлігі жарасқан – Алматы. Талай тағдырды тоғыстырған, жалғыз жүректерді жолығыстырған–Алматы. Еркіндік пен кеңдікті, насихат пен теңдікті ұстаған –Алматы. Мұң-қайғы мен шаттықтың, жастық пенен қарттықтың куәсі болған –Алматы. Ақындарға жыр болған, сазгерлерге  әуенмен шертер сыр болған–Алматы!..    Күндіз қаптаған халық нөпірінен  еңсеңді езіп тастайтын қала  түн келсе де түнермей жарық шамдарын жағып, мені тыңдап, тына қалғандай болады. Күндіз мен оны, ал түнде ол мені тыңдайды. Шабытыма шабыт қосып, шарқ ұрғызады. Кейде қиял жетегіне еріп, балконнан әрі асып, ұшып шығып  «қабақтарын түкситкен тау аталарға» қарай бір тартқым келеді. Жарқырай жылы шырай танытып тұрған әсем Алматыны сонда отырып бір көргім келеді.Ынтықпын өзің жайлы жұмбақтарғаЖер бетінде өзіңдей жұмақ бар ма?..  Бір муза-сезім қылымды  қозғайды...Өзіңе ән-жыр арнаған  алдыңғы толқынның көшіне еріп,   мен де сезім қылын шертсем ол артық ете қоймас, ару қала!  Саған әр түн сайын мен сияқты жасөспірімдердің жүрегінен  ақтарған жауқазын жырлардың жазылып жатқаны рас. Алматы – менің сүйікті қалам!
0,0(0 оценок)
Ответ:
jlenabalkinaoyqk93
jlenabalkinaoyqk93
11.07.2022 14:38
Скандальное видео Силены Гомез взорвало интернет! Ютуб разрывает от просмотров! Подробнее Подробнее Народ ОНЕМЕЛ после этих фото Баян Есентаевой. Она НЕ ... Қазақша шығарма: 6 Шілде - Астана күні (Астана - отанымыздың жүрегі) Nokia 6700 на 2 сим-карты. Дешево Мощный аккумулятор и отличное качество связи. Гарантия 1 год Подробнее «Астана-отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі» Н.Ә.Назарбаев Астана-ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала. Біздің дәуіріміздің ХІ-ХІІІ ғасырларында Арқада қыпшақ тайпалары көшіп - қонып жүрген. өткен ғасырда археологтар Ақмола жерінен көне қаланың орнын тапты. Бозақ-қазіргі Астанадан небәрі 15 шақырым жерде. Қалашық Х-ХІІІ ғасырларда гүлденіп, Жібек жолы бойындағы сауда орталықтарының біріне айналған. Сондай-ақ Бозақ қыпшақ билеушілерінің елордасы болған. Демек, Елбасымыздың Астана орнын Арқа төсіне таңдауы кездейсоқтық емес, тарихты болжап, болашақты түйген көрегендік. 1996 жылы Ақмола қаласын астана жасаймыз дегенде қоғамның басым бөлігі күмәнмен қарады. Алайда 1998 жылдың 10 маусым күні тәуелсіз Қазақстан жаңа да жас қала-Астананың атын бүкіл әлемге паш етті. Етек-жеңін енді қымтап, есін жиған егемен елдің бірегей ұлдары Қазақ елінің болашағы үшін барын шаша еңбек етті. Халқымызда «Басы қатты болса, аяғы тәтті» деген дана сөз бар. Астана дамып, көркейе түсті. Айбынды Астанамыз жарық жұлдыздай жарқырады Астанамыз әр күні жылға татитын, әр жылы ғасырға тең қарқынмен дамудың даңғыл жолына түсті. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана «Әлем қаласы» атағына ие болды. Астана-сәулеті келіскен алып шаһар. Бас қаладағы ең ғажайып, әсем мұнара-Бәйтерек. Тіршілік иелеріне тірек, сүйеніш, қорған, пана деген ұғымды білдіретін алып мұнара еліміздің символына айналған. Гүлденген Астанамыз, түрленген жас қаламыз-елдік пен тұтастықтың ғажайып үлгісі. Не деген махаббат сұрапыл, Тәңірден берілген нұр, ақыл. Астана қазақты ғаламға, Танытпай қоймайды, тұра тұр, - деп Қ.Әбілдақызы жырлағандай, Астана-Елбасының ғажайып ерлігі. Жас ұрпақтың келешегін ойлайтын кемеңгер адам Нұрсұлтан Әбішұлының ұлы дала төрінен асқақ та ғажап қала тұрғызуы-теңдессіз қайсарлық. Әр елді Астанасы-сол елдің төлқұжаты. «Астанасына қарап елін таниды» деген Елбасы сөзінде терең мән бар. Нұрсұлтан Әбішұлы «Еуразия жүрегінде» атты кітабында: - қалалардың да адамдар сияқты өз тағдыры болады. Олардың әрқайсысының өз аты, қайталанбайтын өмірбаяны, дүниеде ешбір жерге ұқсамайтын өзіндік айрықша мінезі мен белгілері бар», - деп жазыпты. Британдық «The Sunday Times» газеті өзінің 2005 жылғы 20 ақпандағы нөмірінде: «Астанада жасалып жатқан жұмыстардың ауқымы адам нанғысыз. Оны жүзеге асыру үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан болу керек», - деп жазды. Ендеше, аяулы Астана - Елбасының тарихи қолтаңбасы. «Біз жаңа астананың негізін салдық. Бұл - бостандық туралы ежелден далалық арман мекен еткен қала. Бұл - біздің он бес жылғы жолымыз бастап әкелген және бүгінде осы жол енді ғана басталатын қала. Бұл - біздің жол, Қазақстан жолы», - дейді Н.Ә.Назарбаев. Сәулетті Астанамен тағдыры тоғысқан, халқымен жүрегі бір Елбасы бастаған нұрлы көш - Қазақстанның Тәуелсіздік жолы ешқашан адаспақ емес. Елбасы бізбен бірге. Астанадай ғаламат қала Қазақ жерінің мәңгілік жерұйығына айналады.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота