В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
yakuninvitalii
yakuninvitalii
13.06.2022 09:13 •  Қазақ тiлi

8-тапсырма. (Оқулықтың 169-беті) Өлеңдегі көріктеу құралдарын табыңдар. Ассонанс:
Эпитет:
Тұрақты тіркес:
Ауыспалы мағыналы сөз:

Показать ответ
Ответ:
соня3161
соня3161
13.01.2022 21:05

Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді. Денесі де бір аралық кейіпте. Бойы өскен. Қол-аяғы ұзарған. Бұрын мұрны шолақтау болушы еді, биыл біраз ұзарып қалыпты. Бет бейнесі баладан гөрі ірілеңкіреп, бала бозбалалық қалпына бейімденген. Бірақ әлі сол мүсінде үлкендік жоқ. Толық, балғын емес. Сидиып, арықтап, құр созылған сияқты. Күн көрмей өскен, реңі солғын, бойшаң ғана өсімдік бейнелес.

Бұрын қара болушы еді, бетінің қызылы да бар еді. Қазірде қаладан қайтқандық және ауру қосылғандық бар ма, әйтеуір бозшылданған. Сұйықтау қоңыр шашының арасынан бас құйқасы да қылаңданып көрінеді. О да ауырғандық пен күн көзінде болмағандық белгісі.

Абайдың осы сияқты қалпына ендігі мінез машығы да бір алуан боп өзінше үйлесті. Ол атқа мініп жүруге жарағанымен, үйден көп шықпайды. Өзге баладан гөрі басқа бір ермек, бөлек, бір дос тапты. Онысы, әсіресе әжесі. Одан қала берсе шешесі. Абай биыл ғана анық бағалады. Бұның әжесі біртүрлі шебер әңгімеші екен. Қызық сөйлейді. Әңгімесінің барлық жерін дәмді ғып, қызықтырып айтады. Әуелі Абай ауыра бастағанда бір күні кешке ұйықтай алмай жатып, әжесінен әңгіме айтуды сұрады. Сонда ол ойланып отырып:

– Е-е… Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен? – деп кішкене тақпақтап бастап еді. Абай соны ұғып қапты. Келесі жолы әңгіме сұрағанда әжесін тізесінен ақырын қағып:

– Е-е… Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен? – деп тағы да әңгіме тілегенін білдіруші еді.

Әжесі әуелде көп-көп ертектер айтқан. «Еділ–Жайық», «Жұпар қорығы», «Құла мерген» – бәрі де айтылды. Оның әңгімелерін түсте де, кешке де, тіпті көш бойы да Абай айтқыза беретін болды.

Бертін келе, тәуір болып алған соң, әжесінен тағы бір әңгімелер тапты. Ол осы ел ішінде Зеренің жасынан бергі көргені, естігені жайындағы әңгімелер. … Кейде әжесі шаршап, айтпай қойса, өз шешесіне жабысатын. Ұлжан да көп әңгіме білуші еді. Және ол көбінесе өлеңді сөзді жиі айтады. Оқымаған шешесінің әлі күнге ұмытпай, білдірмей сақтап жүрген зейініне таңғалады. Нелер ескі заман жырларын, айтыс, өсиет, әзілдерін де көп айтып береді. Екі анасын көңілдендіріп тағы айтқызу үшін кейде өзі де қаладан әкелген кітаптарының ішінен «Жүсіп–Зылиқа» сияқты қиссаларды оқып береді. Әндетіп, мақамдап қояды. Шешелеріне ұғымсыз болған түрік тілінің жеке сөздерін жолшыбай қазақшалап отырады. Осымен қайта көңілдендіріп алып, ескі әңгімелерді тағы айтқызады.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Cricetinae
Cricetinae
16.02.2022 03:07

Қазақстан тарихынан.  

Қазақстан - Еуразиядағы ежелгі өркениетті жер. Көп ғасырлар бойы Қазақстан жерінде ұлы хандықтар мен мемлекеттер құрылып күйреген.. Қазақ халқы ата-бабаларының тарихы дүниежүзіндегі өркениетте маңызды орынға ие. Қазақ даласы тарихи сүргін майданына айналған. Этнос, көшпелі-сақ (скиф), ғұн, түрік, түркеш, қарлұқ, оғыз, қимақ тайпаларының қатысуымен, өзіндік ерекшеліктерімен қалыптаса бастады. Бұл тайпалар Еуразия жерінің кең аймағын қамтыды. Жер бетінен жойылып кетпес үшін, Қазақ Хандығы ұлы Ресей мемлекетімен саяси одақ құруға мәжбүр болды. Күшпен ұжымдастыру қазақ халқының көшпелі әдет-ғұрпын бұзды. Қазақ даласын ашаршылық кезеңі қамтыды. Осы жылдары Қазақстан бір жарым миллионнан үш миллионға дейін халқын жоғалтты. Кейін Сталиндік режим Республиканы ГУЛАГқа бөлді, бұл жерге басқа хандықтың бүкіл халқы жер аударып келді. Ұлы Отан соғысы жылдарында фронтты қажеттіліктермен қамтамасыз ету үшін барлық завод-фабрикаларды Қазақстанға көшірді, ғылыми және мәдени мекемелер миллиондаған жанұяны қарамағына алды. Соның өзінде, қатыгез идеологиялық қыспақ, айдау мен қанау жылдарына қарамай, қазақ халқы этникалық ерекшелігін, бай мәдениетін сақтап, бостандық пен тәуелсіз жолында күресуге ұмтылды. 1991 жылы Қазақстан егемендігін алғаннан кейін, ақиқат сәті түсе бастады. Осы сәттерден бастап ел тағдырында жаңа кезеңдер басталды

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота