8 сынып. 1- тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар №1. «Білім. Ғылым. Инновация» бөлімі 2- нұсқа Күні: Оқушының аты – жөні Сыныбы Орындылу уақыты-20 минут Мәтінді екі рет оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз Астанадағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистранты Серікбол Шаймардан электрондық бесік ойлап тапқан. Бұл «ақылды бесік» көпшіліктің қызығушылығын тудырды. - Серікбол, бұл идея қалай пайда болды? - Алғашында, бесіктің жалпы маңызы туралы зерттедім. Жапонияның медициналық зерттеулерінде сәби ана құрсағында жатқанда тербеліске түсіп, рефлекс қалыптасатындығы туралы айтылған. Сәби жарық дүниеге келгенде өмірге бірден үйрене алмайды. Сондықтан оны ана құрсағындағыдай тербетіп отыру керек. Екіншіден, сәби бесікте жатқанда миы дамиды екен. Мен осы ғылыми зерттеулерді негізге ала отырып, өз жобамды жасадым. - «SmartBesikтің» басты ерекшелігі қандай? - Бұл бесіктің негізгі ерекшелігі мынада: бала жыласа, бесік автоматты түрде тербеледі. Басқарғышпен (пульт) алыстан басқаруға болады. Бала дәретке отырып қойса, хабарлайды. Бала температурасында өзгерістер болса, автоматты түрде белгі береді. 12 вольттық кернеумен де, батареямен де жұмыс істейді. Аналар үшін таптырмас бұйым деп ойлаймын, өйткені үй шаруасындағы әйелдің уақытын үнемдейді. - Рақмет! Еңбегіңіздің жемісін көріңіз! 1. Мәтіндегі әң маңызды 3 тірек сөзді жазыңыз. (Выписать основные 3 словосочетания) , , . 2. Автор көзқарасы берілген сөйлемді белгілеңіз. ( Из данных предложении выделите точку зрения автора) А) Сәбидің жарық дүниеге келуі. В) Үй шаруасындағы әйелдің уақытын үнемдейді. С) Бесіктің жалпы маңызы туралы зерттеу. D) Өз жобамызды жасадық. 3. Берілген тұрақты тіркестерді қолданып, өнертабыстың адам өміріне пайдасы туралы ойыңызды білдіріңіз. (Используя данные словосочетания написать свою мысль о пользе изобретения для людей) Тұрақты тіркестер: бесіктің маңызы, жарық дүние, ғылыми зерттеулер, бесіктің ерекшелігі, автоматты түрде, уақытын үнемдейді.