76-жаттығу. Көшіріп жазып, дара етістіктің астын бір, күрделі етістіктің астын екі сызыңдар. Шешенің өзіне тиісті он бес минуттан үш минут асып кеткен еді(Ә.Нұрш.). Осы шақта арбадан мол денелі долаушының өзі де түсті.(М.Ә.) 3. Енді шопан деген сөз инженер, агроном, механизатор деген мамандықтар дәрежесінде естіледі (Л.Ж.). 4. Ербол Абай сөздеріне сүйсініп отыр екен (М.Ә.).
100-жаттығу. Етістіктерді тауып, түрлеріне ажыратыңыз, қосымшаларының астын сызыңыз.
Татымсыз көже таусылмас (М. Әлім.). Тазының сақсақ еткен, оңды-солды лыпып тұрған азулары тәжірибесіз бөлтіріктердің тісін денеге дарытпады (М. М.). Сары сақал мұнымен қоймай, Қатшаға бұйрық етті (М. Ә.). Жұрт көп жиналды. (А. Тоқм.). Мал жер емеді, адам мал емеді (Ғ. Мүс.). Ердің атын еңбек шығарады (Мақал). Ебейсін өзіне осынша ықылас білдіріп шұрқырасып жатқан кісілерге омырауын аша қоймады (Ә.Нұрп.).