74. Мәтінді тыңда.
Қызық кино болды. Ұшқыштар жайында. Кинодағы
ағаның батырын-ай! Ұшағымен құстай құлдырап, қорықпай
ұшты. Ұза-а-а-ақ ұшты. Аударылса да, құламайды. Ұшағы
жанса да, жыламайды. Неткен өжет, ө! Батырлар солай...
Әлкен әбден риза. Шешесіне бәрін айтқанша асық.
Құлыным-ай, мұнша не болды?
Әлкеннің айтпағы тіпті басқа:
Мама, батыр болайын ба, а? Болайыншы, а?
Шешесі елжіреп, шөп еткізіп сүйіп алды.
1
поле
Мен торғайға ұя жасаймын ба? (иә)
Саша да ұя жасайды ма? (иә)
Біз ұяны жоғары ілеміз бе? (иә)
Құстарға жем шашып, су береміз бе? (иә)
Құстар жанды табиғатқа жатады ма? (иә)
Біз табиғатқа қиянат жасаймыз ба? (жоқ)