7-тапсырма. Төменде көрсетілген қорықтар туралы энциклопедиядан,ақпарат құралдарынан материал тауып, оларды кестеге, картаға түсіріп жаз. Бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздердің астын сыз.1.Алматы мемлекеттік қорығы 2.ақсу-Жабағылы мемлекеттік қорығы 3.барсакелмес мемлекеттік қорығы 4.Қорғалжын мемлекеттік қорығы 5.Наурызым мемлекеттік қорығы 6.Марқакөл мемлекеттік қорығы 7.Үстірт қорығы 8.батыс Алтай қорығы 9.Алакөл қорығы 10.Қаратау мемлекеттік қорығы
Кәсіпкерлерді бірге қолдайық!
Соңғы жылдары елімізде отандық ауыл шаруашылық өнімдеріне сұраныс артып келеді. Бұл жақсылықтың бастамасы деп білемін. Себебі ұлттық өнімді қолдана отырып, біз отандық кәсіпкерлерді қолдап, Қазақстанда жасалған тауарларды қолжетімді бағада сатып ала аламыз. Осыған орай елімізде "Қазақстанда жасалған" бренді деп қалыптасты. Ірі саудар орталықтарының сөрелерінде өздеріңіз де "Қазақстанда жасалған" деген жазуларды байқаған боларсыздар? Менің ойымша, отандық өнімді тұтыну отаншылдықтың белгісі болып табылады. Отандық өнімнің сұранысқа ие болып, бәсекеге қабілетті болуы да біздің қолымызда. Сондықтан барынша ұлттық өнімдерді пайдаланып, еліміздегі шағын, орта бизнес иелеріне қолдау көрсете аламыз. Ал бизнес иелері болса, еліміздің бюджетіне өз үлестерін қоспақ.
Бұл ретте Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытуда өнімнің сапасы мен экологиялық тазалығын сақтауды басты назарға алуды ұсынды. Осылайша отандық өнімнің сапасы да жоғары болып, әлемдік нарықта да өз сатушыларын табады деп есептеймін. Ал сіздер отандық өнімді қолданасыздар ма?
тәуелсіз жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының
астанасына айналады» Н.Ә.Назарбаев
1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмола қаласы Қазақстанның Ел ордасы болып жарияланды. Астана бүгін орталық болса, болашақта мәдени-ғылыми орталық болатынына күмән келтіргендер де аз емес еді. Астананың гүлденіп, көркеюі – Қазақстанның дамуының бір белгісі .
Еліміздің ертеңгі болашағы біздер, яғни жастар. Сондықтан әр Қазақстандық еліміздің, жеріміздің өркендеп - өсуіне зор үлесін қосуға міндетті.
Бұл Астана қазақ қазақ болғалы ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап кеткен болашағына жол тартатын құтты қонысы болмақ.
Астана жылдан – жылға гүлдеп, жайнап келеді. Сарыарқа төсіне тағылған жақұт алқадай болып жарқырап көрінеді. Астананың тәуелсіз Отанымызбен айбынды Астанамыздың өсіп өркендеуі әрине біздің жастардың қолында.