Бейбіт Назаров (Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қақпақты ауылы, 1987 ж.) - джиу-джитсудан жастар арасында Қазақстанчемпионы, ережесіз жекпе-жектен Азия чемпионы. Көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы, WAFC тұжырымы бойынша панкратионнан 75 келі салмақта Еуразия чемпионы. Осы күнге дейін 12 рет жекпе-жекке шығып, соның барлығында қарсыластарын қоғадай жапырды. Тағы бір айта кетерлік жайт, Бейбіт – Алаштың мақтан тұтар азаматы, ережесіз жекпе-жектен әлемнің екі дүркін чемпионы Ардақ Назаровтың туған інісі. 26 көкекте Алматы Республика сарайында өткен WAFC тұжырымы бойынша 75 келі салмақта Еуразия чемпионы атағы үшін Бейбіт Назаров пен шешен Аслан Алгереев рингке көтерілді. Ресейдің туы астында күш сынасып жүрген қонақ жауынгерлік самбо мен еркін күрестен спорт шебері, Ресей чемпионы. Грозный қаласында өткен "мықтылар турнирінің" жеңімпазы. Талай халықаралық жарыстарда топ жарған тарланбоз. 40 рет жекпе-жекке шығып, 36 мәрте жеңіс тойын тойлады.
Қыс Желтоқсан жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес. Орман қарайған, ішінде қүстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүр. Иелері жылы қораға шөп салып бағып-қақса да, қысты күні үй хайуандарына да бапсыз. Адамның өзі де суықтан қорғанып үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, дәйім жұмыстарынан қала алмайды.
Желтоқсан жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес.
Орман қарайған, ішінде қүстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүр. Иелері жылы қораға шөп салып бағып-қақса да, қысты күні үй хайуандарына да бапсыз.
Адамның өзі де суықтан қорғанып үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, дәйім жұмыстарынан қала алмайды.