7-тапсырма. Қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, ба з парағына Көкшетау туралы шағын мәтін жазыңыздар.
Шарты
. Ақын суреттеген сексен көл сақталды ма? Нақты мәлімет беріңіз.
- Көкшетауға қандай күтім керек? Нақты жолдарын ұсыныңыз.
- Көкшенің табиғаты адамдардың сауығуына қалай әсер етеді?
Демалыс орындарын таныстырыңыз.
. Реттік, есептік және жинақтау сан есімдерін орнымен пайда-
ланыңыз.
Беташар — қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Дәстүрлі беташар, әдетте, тойға жиналған халық тарқар кезде өткізілген.
Шымылдық ішінде отырған келіннің басына орамал жауып, той өтіп жатқан үйдің ең жақын, үлгілі келіндері екі жағынан қолтықтап алып шығады. шаңыраққа жаңа түскен келінге ата-енесін, үй-ішін таныстырады, қандай туысқандық жақындығы бар екенін, беделін, қадір-қасиетін шебер тілімен жеткізіп, әрқайсысына жеке-жеке сәлем жасатады. Сәлем алған адам жас келінге беретін сый-сыяпатын атайды.Беташар айтылып болған соң сол үйге туыс жасы үлкендер, көрші-қолаңдар жас келіннің қолынан “шәй ішу” рәсімін өткізген. Бұл кезде жас келінге өзіне тетелес сол үйдегі не жақын абысыны көмекке келген. Абысын-ажын арасындағы болашақ татулық осы арадан басталған. Осы бірінші дастарқан үстінде келіннің жүріс-тұрысына, мінез-құлқына, т.б. назар аударылып, ол алғашқы сыннан өткен. Соңынан жасы үлкен, халыққа қадірлі қария келінге бата берген. Қазақтың беташар салты жаңа заманға да бейімделіп, жалғасын табуда. Қазіргі кезде беташар салты той асының алдында өткізіліп жүр.
Атамекен! Туған жер! Отан! Ел тағдыры - ер тағдыры демекші, елім деп еңіреген, кіндік қаны тамған туған жерін еріксіз жыр – жұмбақ қисса - дастанға қосып, қаншама жаугершілік заманның куәсі болған, ұлы қазақ хандығының 550 жылдығына орай, елім, ұлы Алаш теңдессіз дана - Қазағым туралы өзімнің қысқаша қылқалам туындыларымды ой елегімнен өткізбеске болмас деп бел будым. Сонау 550жыл бұрын іргетасы қаланып, сұрапыл сан мыңдаған ғасырлардың басты кейіпкері - қайтпас қайсар қазақ хандығының аты мәңгі өшпес құнды дүние екені хақ. Ел басқарған би де, болыс та, таққа отырып, данышпан ақылгөйлігімен, тыс жаудан қорғай білген қайырымды хан да, даудың түйінін риясыз шеше білген ауыл ақсақалдары да дүйім қалың қазағымның маңдайына қонған алтынның сынығындай өлшеусіз бақ екені сөзсіз