7-тапсырма. Мәтінді тыңдаңдар. Берілген уақыт ішінде тапсырмаларды орындаңдар.
Уақыт мөлшері: 10 минут.
1. Түнде сырғанақ теуіп жүрген кім? Сырғанақ теуіп жүрген
баланың қандай мінезін байқауға болады?
2. Мәтінді тыңдап, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңдар.
Бос орынға қойған сөздердің мағынасын түсіндіріңдер.
Шыдай алмай, жүгіріп сырғанаққа бардым міне, қызық,
шана теуіп жүрген .. екен. Ай жарығында анық көрінді: жүзі ...
қағып, екі иінінен алқына дем алады. Тонының екі етегі далпыл-
дап, шананы көшенің басына қарай сүйрете жүгірді. Мені көріп
бұрылды да:
— Жүр, ойнайсың ба? – деп дауыстай сөйледі.
- Қойшы, түн жарымында есі дұрыс адам ойнай ма?
Ойнағанда қандай! Түу, сен өзі мынадай айлы, ... ... шанамен
сырғанаудың қандай керемет екенін білмейді екенсің ғой. Айлы
түнде шанаға ... ...
бітеді... - деді де, Аян жүгіре жөнелд нужно
Бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.