7 тапсырма 7-тапсырма. Мәтін бойынша «Қос жазба» күнделігін толтыр. Түсіндір. Термин сөз Сипаттама Гербицид Латын тілінде «herba» «шөп», «caedere» «ЖОЮ» деген мағынаны білдіреді. Өсімдіктер мен егістіктегі арамшөпке қарсы қолданылатын ХИМИЯЛЫҚ зат.
Бөгенбай батыр өз халқын қорғаған нағыз ер ғой. алмаз қараңғыда жолды барлай алмай ,сәкеннің соңынан еріп жүре берді. асау атты ерттеуге ортаға жігіттердің ең мықтысы шықты.анасы азаматқа : " ойнамай,тамағыңды асап-асап жеп қой! - деді. қазақстанда жануар мен өсімдіктер сақталған 10 қорық бар.қорыққанға қос көрінер. асан тілі мен жағына сүйенген тілазар болатын.сурет оң жақ қабырғада ілініп тұрды. жол бойында қиғаштап өткен жарық пайда болды. түн караңғысында шамның жарығы ұзақтан көрініп тұрды. асан атасымен барғысы келсе де, әжесінің қасында қалып қойды.анардың қолында бұрын сурет секілді қалы бар еді. атасы аскардың шашын жазға қарай тықырлап алып тастайтын.бұзық ойыншықтарын шашып жіберді. аттан түскен бойда, алан анасына қарай жүгірді. ботагөз жаман түс көріп, шошып оянды.
Ата – ана туралы мақал – мәтелдер.
Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
* * * * *
Жалғыз баласы атқа шапса,
Атасы ауылда тұрып
Тақымын қысады.
* * * * *
Ана жақсылығын,
Ауырсаң білерсің.
Қайын жақсылығын,
Қырырсаң білерсің.
* * * * *
Баланың өзі болғандай,
Келіннің өзі келгендей.
* * * * *
Ата-ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің.
Ағайынның қадірін
Жалалы болғанда білерсің.
* * * * *
Ақ шашты ана:
«Жастығым - балам» дейді.
Ақылды бала:
«Ай-күнім - анам» дейді.
* * * * *
Ана алдында – құрмет,
Ата алдында – қызмет.
* * * * *
Малды баққан өсірер,
Баланы тапқан өсірер.
* * * * *
Бала –
Ананың бауыр еті көз нұры.
* * * * *
Мылқаудың тіліне анасы түсінеді.
* * * * *
Бесіктегі баланың
Күлгенін көрген бір мұрат.
Алдынан түсіп ананың
Жүргенін көрген бір мұрат.
* * * * *
Өз кемеріңнен шыққан баланы
Бал сүтіңмен бағарсың.
Бал сүтіңмен бақпасаң,
Қайтіп көңілін табарсың?!
* * * * *
Мейірімі мол ананың –
Жүрегі жылы, қолы кең.
Кең пейілді атаның
Жүзі жылы, жолы кең.
* * * * *
Ақ жаулығы ананың –
Ақ көрпесі баланың.
* * * * *
Ана алақанының аясы –
Ақы шынардың саясы.
* * * * *
Ананың сүті – бал,
Баланың тілі – бал.
* * * * *
Ана сүтін ақтамағанды
Ешкім мақтамайды.
* * * * *
Әкеден – ақыл,
Анадан – мейір.