В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
шынар16
шынар16
14.07.2021 18:34 •  Қазақ тiлi

7-сынып қазақ тілі  ІІІ тоқсан бойынша тоқсандық жиынтық бағалау       
 
Оқылым. Тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
А мәтіні:Достығымыз әлемге әйгілі
          Қазақстан көпұлтты Республика екені бұрыннан белгілі. Кеңестік дәуірде ҚСРО-дағы жалғыз интернационалды ел аталғанымыз тегін емес. Ежелден бауырмал, қайырымды қазақ халқы тағдыр-тәлкегіне ұшырап, әлемнің әр тарапынан келген ұлттарды жатсынбай, оларды туған-туыстарындай жақсы көрді. Міне, сондықтан қазір Қазақстан көпұлтты мемлекет атанып отыр. Дәл Қазақстан сияқты ұлттар достығы өнеге, халықтар достығы үлгі – дүниежүзінде ел жоқ. Біздегі халықтың ынтымақ, бірлігіне, жарастығына тәнті болған шетелдік саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері «Қазақстаннан үйрену керек» дегенді жиі айтады. Барлық ұлттардың терезесі тең, мүдде-мақсаты бір және олардың еркін еңбек етуіне, кәсіппен шұғылдануына, саясатпен айналысуына барлық жағдай жасалған ғой. Ең ерекшелік сол – кейбір ұлт өкілдерінің балалары мектепте өз ана тілінде оқиды. Мысалы, Ресейде мұндай үрдіс жоқ.
          Қазір адал еңбектерінің арқасында кәсіппен шұғылданып, байып жатқан отбасылар көбейіп, қауымға айнала бастаған ұлт диаспоралары бар. Ұлттық салт-дәстүрлерін сақтап, өз діндерін ұстанып, бір шаңырақ аясында тату-тәтті өмір сүріп жатқан халық тек Қазақстанда жасап жатыр. Бұған әрине, қуанасың және мақтанышпен айтасың. Осындай ел бірлігі мен тұтастығы жолында өз бағдарламасы мен мақсаты бар Қазақстан Халық Ассамблеясының жұмысына дүниежүзі риза десек артық айтпаймыз. Әрине, оның басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрғаны айтпаса да түсінікті.
1. Дүниежүзінде қандай ел жоқ?
A. достығы өнеге болатын                          C. өзге тілді мектебі бар
B. достығы үлгі болатын                             D. достығы өнеге мен үлгі болатын
2. Ұлт қауымдастығы туралы айтылған абзацты белгілеңіз.
A. І                                                                 C. Екеуінде де
B. ІІ                                                                D. Ешқайсысында
3. Қазақстан ұлттық қауымдастықтардың дамуына ерекше ықпал ететін ел, сіз осы тұжырыммен келісесіз бе? Келісу не келіспеу себептерін 3 сөйлем арқылы жеткізіңіз.

Ә мәтіні
          Қазақстанда ел аумағында гендік модификацияға ұшыраған азық-түлікті бақылайтын «Гендік инженерия қызметін мемлекеттік бақылау» жөнінде заң жобасы құрылды. Ағымдағы жылдың наурызында аталмыш құжат Мәжілістің қарауына өтті. Заң жобасын Білім және ғылым министрлігі құрды. Әзірге елімізде гендік модификация қызметіне тоқсауыл қоятын заңнама жоқ. Кей мамандардың айтуынша, азық-тұлік қорабында ГМО қо жөнінде ақпарат берілмегендіктен қазақстандықтар гендік өзгеріске ұшыраған өнімді шамадан тыс пайдаланады. Бұған елімізде трансгендік организмдерді анықтайтын арнайы лабораторияның жоқтығы сеп болып отыр. Егер жоғарыда аталған заң жобасы қабылданса, елімізде құрамында ГМО-сы бар балалар тағамы, өндіріске қажетті қоспаларды дайындауға, импорт пен экспортқа түбегейлі тыйым салынады. Қазақстанға тек мемлекеттік тіркеуден өткен ГМО-сы бар азық-түліктер ғана кіргізіледі. Мемлекеттік тіркеуден өту үшін ғылыми дәйегі бар дәлелдемелер келтіріліп, ГМО қауіптілігі жан-жақты сарапқа салынуы тиіс. Дәлелдемелер мен арнайы сараптамалық құжатты импорттаушы немесе өндіруші ұсынуы тиіс. Елімізде өндірушінің өнімі түбегейлі тексерістен өткізілуі тиіс. Алайда адам ағзасы ГМО құрамының зияндылығы бар-жоғын қадағалайтын лабораторияның жоқтығы бұл істе қолды байлауы мүмкін дейді мамандар.
        Кез келген нәрсенің пайдасы мен зияны қатар жүретіні белгілі. Гендік инженерияның дәрі-дәрмекті өндіруде пайдасы зор-ақ. Алайда күнделікті тағамға қосылатын геннің қандай екенін ешкім топшылап айта алмайды. Әйтеуір гендік модификация табиғат заңдылығына қарсы құбылыс екені аян.
1. Қазақстандықтардың гендік өзгеріске ұшыраған өнімді пайдалануына не себеп?
A. Импорт пен экспортқа түбегейлі тыйым салынбауы
B. Мемлекеттік бақылау» жөнінде заң жобасының болмауы
C. ГМО зияндылығын қадағалайтын арнайы лабораторияның жоқтығы
D. Өндірушінің өнімі тексерістен өткізілмеуі
2.ГМО-ның жақсы не жаман  жақтарының күмәнділігі туралы қай абзацта айтылған?
A. I-ІІ                                             C. ІІ
B. I                                                  D. ешқайсысында
3. «Гендік модификация табиғат заңдылығына қарсы құбылыс екені аян» Сіз осы тұжырыммен келісесіз бе? Келісу не келіспеу себептерін 3 сөйлем арқылы жеткізіңіз.​

Показать ответ
Ответ:
Marfushka77
Marfushka77
13.01.2021 06:26

Жақында Райнан университетінің ғалымдары зерттеу жүргізді, ол жақын болашақта роботтардың кемінде он мамандықтағы адамдардың орнын алмайтынын дәлелдеді. Бұл бірінші кезекте қызмет көрсету секторында болады. Және бұл таңқаларлық емес! Өйткені, робот - бұл машина және машина клиентке дөрекілік емес, ол нақты және уақытылы, анық және дұрыс жасайды. Өйткені, қазір біз банкомат пен терминалмен айналысып, кассалық парктің барлық түрлерінде ұзақ уақыт бойы тұрмағымыз келеді. Ресторандар бар және олардың саны көбейіп барады, онда ресторандар да жұмыс істейді, тіпті журналистиканың осындай шығармашылық индустриясы да өз қызметкерлерінің роботтарын толтыра алады, олар жаңалық бюллетеньдерін қалыптастыра бастайды.Бұл роботтар фармацевтерді алмастырады. Олардың тиімділігі мен дәлдігі адамдарға қарағанда әлдеқайда жоғары. Сондықтан, фармацевтер көп ұзамай жыртқыштармен қуылып, роботтарды басқаратын машиналар жиі кездесетін болады. Мұндай адамсыз көлік құралдары жүргізушіні қажет етпейді және бұл мамандық уақыт өте келе жоғалады. Роботизация адам өмірінің сапасын жақсартады, адамдар бір ғана алаңдаушылық тудырады - өздерінің ұнататын нәрселерін табу.

0,0(0 оценок)
Ответ:
тамик51
тамик51
08.10.2021 09:45

Маған ұнайтын шығармалар: қызықты хикаялар, пайдалы мәліметтер, қызықты әңгімелер, ережелер мен ақпараттар.

Маған ұнайтын шығармалар

Қазақ халқы қазақ әдебиеті мен ежелгі тарихты көп қолданыста . Міне биыл біз де қазақстан тарих сабағын оқыйтын боламыз. Бірақ осы мәтінінің негізі не? Ал негізі осында. Біз қазақ болғанымен түрлі әдебиеттерді білеміз. Әр түрлі үзінділер , оқиғалар, әңгімелер т.б. Маған ұнайтын шығармалар :; қиял әлемімен байланысты. Шіркін, ғарыш әлемін ешкім әлі толық зерттеп біткен жоқ. Сонда ғарыш соншама үлкен бе ? Кім біледі мүмкін мен , не менің ағаларым мен достарым ғарышкері болып , ғарышты зерттесе екен ! Жалпы мектепте қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында өтетін әңгімелер өте қызықты. Мен оларды қызыға оқыймын. Мұғалімнің оқығанын әрқашан тыңдап отырамын . мені Ақиқат әңгімелері аса көп қызықтырмайды . Бірақ жаңа мәліметтер үшін оларды оқыймын .Қорытындылай келсек , түрлі әдебиеттер кітапта болады . Дегенмен , Абай, Ыбырай аталарымыз айтқандай " кітап біздің досымыз "" , сондықтан да біз кітап оқып , миимізді дамыту керекпіз.

Дұрыс көмек бере алдым , деген ойдамын.♡

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота