7-сынып.Қазақ тілі.БЖБ 2- тоқсан (7Е Қазақ тілі) 7-сынып. Қазақ тілі. «Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы» «Сүйіспеншілік пен достық» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау Оқу мақсаты 7.Т/А3. Мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу; мәтіндердің тақырыбы мен стильдік ерекшелігін талдау 7.ӘТН3.Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану,еліктеуіш сөздерді табу Бағалау критерийі Білім алушы Мәтіндегі негізгі ақпарат пен көзқарасты табады; Фразеологизм, мақал-мәтелдердің көркемдік ерекшеліктерін ажыратады; мәтіндердің тақырыбы, стильдік ерекшелігін талдайды; еліктеуіш сөздерді табады: Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану Орындау уақыты 25-30 минут
Здравствуйте, Zhantore! После того как вы отправите эту форму, ваше имя и электронный адрес станут известны ее владельцу.
Обязательно
1.Мәтінді түсініп оқып, тест тапсырмаларын шеш. Екі дос Ертеде, ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып, дос болады.Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды. Сонда тұтқиылдан жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды. Аттары өтеді ауыздығын қарш-қарш шайнап.Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетеді. Қолға түскен қазақ жасағын айдап әкетеді. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түскенін естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына алып баруын өтінеді. Алып барған соң, ол жаудың қолбасына: – Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім.Менің оған айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім, - дейді.Қолбасы селк етіп, жалт қарады. Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да: – Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды, - дейді де сылқ-сылқ күліп жібереді. - Ол не? - деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт. - Маған сенің көздерің керек, - дейді қолбасы. - Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат, - дейді жігіт. Ол бұл сыннан сүрінбей өтеді. Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуана күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: «Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға соғар»,- деп түйеді. Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.. Однострочный текст.
2.Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтаТребуется ответ. Один вариант.
( : 1)
А)Досы көпті жау алмайды
Ә) екі жауынгердің достығы
Б)Жау қолбасшысының шешімі
В) Досы үшін жан пида
Вариант 2
3.Мәтіндегі қосымша ақпаратты анықтаТребуется ответ. Один вариант.
( : 1)
А)Досы көпті жау алмайды
Ә) достығы мықты ерлері бар халықты жеңу өте қиынға соғар
Б)Жау қолбасшысының шешімі
В) бірлігі,достығы мықты халықты ешкім жеңе алмас
Вариант 2
4.Мәтінге қатысты фразеологизмді тапТребуется ответ. Один вариант.
( : 1)
А)Досы көпті жау алмайды
Ә) Арасынан қыл өтпейді
Б)Қол жалғау
В) Досы үшін жан пида
Вариант 2
5.Мәтінге қатысты мақалды тапТребуется ответ. Один вариант.
( : 1)
А)Досың сүйінсін,дұшпаның кұйінсін
Ә) Арасынан қыл өтпейді
Б)Дұшпанмен дос болудан сақтан
В) Жүрегінің түгі бар
Вариант 2
6.Мәтін қай стильде жазылған?Требуется ответ. Один вариант.
( : 1)
А) публицистикалық стиль
Ә) ғылыми стиль
Б) көркем әдебиет стилі
В) ауыз екі сөйлеу стилі
Вариант 2
7.Еліктеу сөздің түрлерін белгілеңіз.Требуется ответ. Один вариант.
( : 1)
A) Еліктеуіш сөздер, бейнелеуіш сөздер.
Ә) Негізгі сөздер, туынды сөздер.
Б) Дара сөз, күрделі сөз.
В) Қос сөз, біріккен сөз.
Вариант 2
8.Сөйлемнен еліктеуі сөзді табыңыз. Аттары өтеді ауыздығын қарш-қарш шайнап.Требуется ответ. Один вариант.
( : 1)
A) Өтеді.
Ә) Ауыздығын.
Б) Қарш-қарш
В) Шайнап.
Вариант 2
9.Еліктеуішті сөз тіркесін табыңызТребуется ответ. Один вариант.
( : 1)
A) Назданып сөйлесу.
Ә) Тал шыбықтай бұраңдайды.
Б) Еріксіз күліп жіберді.
В) Сылқ-сылқ күліп жіберді.
Вариант 2
10.Еліктеуішті белгілеңіз.Требуется ответ. Один вариант.
( : 1)
A) Қызараң-қызараң етті.
Ә) Далаң-далаң жүгірді.
Б) Маң-маң басты.
В) Бырт-бырт шайнады.
Вариант 2
11.Қолбасы селк етіп, жалт қарады. –сөйлемде еліктеудің қандай түрі бар?Требуется ответ. Один вариант.
( : 1)
A) еліктеуіш
Ә) бейнелеуіш
Б) еліктеуіш, бейнелеуіш
В) еліктеу сөз жоқ
Вариант 2
Отправить
Қазақ халқының қонақ күтуі мен қонақжайлығы туралы.
Баяғы заманнан бері осы күнге дейін жеткен дәстүріміздің бірі мен бірегейі – келген қонаққа дастарқан жаю. Бұл дәстүр тек қонақжай қазақ халқына ғана тән дүние десем, артық айтпаспын, себебі үйге қандай кісі келмесін «ең болмаса нан ауыз тиіп кету керек» деген ұғым санамызда бала кезімізден қалыптасқан. Қазағым қашан да бар асылын, бар тәттісін «қонақ жесін» деп сақтаған. Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Ақсақалдар да үнемі «Дастарқан тек қуанышты себептермен жайылсын! Дастарқан мол болсын! Осындай үлкен дастарқан басында жинала берейік!» деп бата беріп, тілектерін айтып жатады.
Дастарқан жайғанда міндетті түрде ең алдымен нан қойылады. «Ас атасы – нан» деген мақал осыдан шықса керек. Ұннан жасалынған тағамдар бағзыдан-ақ ақ дастарханымыздың сәні болып келген. Қазақ өзінің шаңырағындағы кез келген жиында дастархан үстінен нанды алыстатпайды.
Сыйлы қонақ келсе, бұрынғы кезде мал сойылып, ет асылса, қазіргі заманда мал сойылмаса да, қазанды отқа қойып, қонақтың кәдесін асып береді. Күн демей, түн демей қазан асуға келгенде қарап қалмайтын қазақ аналары мен келіндері ет тамақты нақышын келтіріп дайындайды. Бүгіндері қырық күн тойын, отыз күн ойын жасамасақ та, кез келген жиында осы ас бірінші мәзірде тұрады.
Жалпы алғанда, қазақтың дастарханы – киелі нәрсе. Бұл тек жайылған шүберек немесе оған қойған ас-ауқат қана емес, бұл – адамның пейілі, ішкі жан-дүниесі, мейірім-шапағаты. Ендеше дастарқанымыз тек қуанышқа жайылсын!
«Қыз Жібек» – қазақ халқының әйгілі лиро-эпостық жыры. Жыр – махаббат машақаты жолында туындаған оқиғаға құрылдған. Шамамен XVIІ ғасырда қазақ даласының батыс өңірінде, яғни Кіші жүз қазақтары арасында дүниеге келген жырдың нұсқалары арасында айырмашылық аз, яғни болса, кейбір сюжеттік қосындылар мен суреттеу, баяндаулардағы қысқа немесе кеңінен толғаушылық болса керек. Аталған жырды алғаш рет Е:А. Александров 1880 жылы Мұсабай ақыннан жазып алып, ұзын-ырғасын қара сөзбен орысшаға аударған болса, татар мұғалімі Фалиолла Тухватуллин Зайсан өңірінен жазып алып, 1894 жылы Қазан қаласында кітап етіп бастырған. Біз төменде аталған нұсқамен қоса Жүсіпбекқожа Шайхисламов жинақтап, Қазанда бірнеше рет бастырған толық нұсқасын да жариялап отырмыз.Фильмнің бірінші бөлімінде Базарбай байдың Төлеген атты ұлы 14 жасқа толғанда өзіне жар іздеп, 210 сұлудың арасынан Сырлыбай ханның Жібек атты қызын ұнатқандығы айтылады. Үш ай Сырлыбай ханның елінде болған Төлеген өз еліне бармақ болып сапарға шығады. Бірақ Жібекті қызғанып, жол тосқан Бекежан қапыда Төлегенді өлтіріп, қазасын Жібекке өзі келіп естіртеді. Сол үшін Бекежан өлім жазасына кесіледі.
Фильмнің 2-бөлімінде хабарсыз кеткен Төлегенді іздеп шыққан інісі Сансызбай қалмақ ханы Қоренді өлтіріп, Жағалбайлы елін жаудан азат еткендігі айтылады.
Әлқисса, төменгі Мекке жолында жеті тылсым дариялар бар еді, осы дариялардың һәммасы Черный море дегенге құяды екен. Осы теңіз жағасында Жүз жағалбайлы деген ел бер екен. Сол елде Базарбай деген бір бай бар екен. Базарбайдың байлығын ешкім есеп етіп болмас екен, үш қатыннан тоғыз ұлы бар екен. Сол елге бір қалың дерт – оба келіп, сонда Базарбайдың тоғыз ұлының бәрі өліпті, содан кейін және алты қатын алыпты, еш перзенті болмады. Базарбай сексенге келгенде, оның кіші қатыны қырық төртке келгенде бір ұл тауыпты, басқа қатындарда еш бала жоқ, оның атын Төлеген қойды, осы Төлеген періште сипатты, хор құлықты боп туды, оның артынан тоғызыншы жылда бір ұл туды, оның атын Сансызбай қойды. Екеуіне де Базарбай қалың бермеді, тірі болса өздері бір қыз алар, патшаның қызын алса да мал жетеді деп. Сол уақытта Төлеген 12 жасқа келді, ешкімнің қызын жақтырмады, 16 жасқа келді, сонда бұл елге бір сәудегер кеп сұрады: бұл Базарбай екі ұлына неге қалыңдық бермеген деп, соның жайын әркімнен сұрап біліп, бір күні Төлегенге айтады."Қазақ халқының даналығы көрініс тапқан жыр"Жібек — Меруерт Өтекешева
Объяснение: